Қарағандыда көпқабатты тұрғын үй өртеніп, 28 адам эвакуацияланды

© Sputnik/Ертай СарбасовСейсмотренировка в Алматы
Сейсмотренировка в Алматы  - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.06.2024
Жазылу
АСТАНА, 27 маусым – Sputnik. Бүгін таңертең Қарағанды қаласында көпқабатты тұрғын үйдің 5 қабатында орналасқан пәтерде 6 шаршы метр алаңда үй заттары, тоңазытқыш және жиһаз өртенді. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Өрт сөндірушілер 28 адамды эвакуациялады, оның ішінде 8 бала бар. Өрт сөндірушілердің жедел жұмысының арқасында шақырған сәттен бастап 58 минут ішінде өрт сөндірілді.
Зардап шеккендер жоқ. Өрттің алдын ала шығу себебі – электр сымдарының қысқа тұйықталуы.
Жаңалықтар
0