Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Польша мен Балтық елдері Еуроодақты қорғаныс желісін салуға шақырды

© Sputnik / Алексей ВитвицкийЕуроодақ туы
Еуроодақ туы  - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.06.2024
Жазылу
Мұндай жерүсті қорғаныс желісін салу құнын шамамен 2,5 миллиард еуроға бағаланды
АСТАНА, 26 маусым – Sputnik. Польша, Литва, Латвия және Эстония мемлекеттері Еуроодақты Ресей және Беларусь шекарасында 700 шақырымдық қорғаныс желісін салуға ақша бөлуге шақырды. Бұл туралы Reuters агенттігі төрт ел басшыларының Еуроодақ басшылығына жолдаған хаттарына сілтеме жасап жазды, деп хабарлайды РИА Новости.
"Еуроодақтың Ресей және Беларусьпен сыртқы шекарасында қорғаныс инфрақұрылымы жүйесін құру Еуроодақты әскери және гибридті қауіптерден қорғаудың шұғыл қажеттілігін шешеді. Бұл бірлескен жобаның ауқымы мен құны оны саяси және қаржылық қолдау үшін Еуроодақтың мақсатты әрекетін талап етеді", - делінген хабарламада.
Еуроодақтағы кейбір дипломаттар мұндай жерүсті қорғаныс желісін салу құнын шамамен 2,5 миллиард еуроға бағалады.
Хатта бекіністерді жоспарлау мен салу НАТО-мен және альянстың әскери талаптарымен үйлестірілуі керектігі нақтыланады.
Владимир Путин америкалық журналист Такер Карлсонға берген сұхбатында мәлімдегендей, батыс саясаткерлері елдегі ішкі мәселелерден назарды басқа жаққа аудару үшін өз халқын ойдан шығарылған ресейлік қауіппен үнемі қорқытады. Ресейлік президент Мәскеудің НАТО елдеріне шабуыл жасамайтынын, мұның еш мәні жоқ екенін егжей-тегжейлі түсіндірді.
Флаги с символикой Евросоюза  - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.06.2024
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Ресей Еуроодақ санкцияларын заңсыз деп санайды - Песков
Жаңалықтар
0