https://sputnik.kz/20240627/islam-damu-banki-qazaqstandagy-su-qoymalary-men-zholdarga-qarzhy-boledi-45272011.html
Ислам даму банкі Қазақстандағы су қоймалары мен жолдарға қаржы бөледі
Ислам даму банкі Қазақстандағы су қоймалары мен жолдарға қаржы бөледі
Sputnik Қазақстан
Қазақстан үкіметі мен Ислам даму банкі арасында Негіздемелік бағдарламалық келісімге қол қойылды 27.06.2024, Sputnik Қазақстан
2024-06-27T20:05+0500
2024-06-27T20:05+0500
2024-06-27T20:05+0500
жолдар
банк
https://sputnik.kz/img/07e8/05/0a/44198997_0:103:1280:823_1920x0_80_0_0_464189e2defe4416506a63f70d065333.jpg
АСТАНА, 27 маусым – Sputnik. Ислам даму банкі Қазақстандағы инфрақұрылым жобаларын қолдауға 2 миллиард долларға дейін қаржы бөледі, деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.ОРЕС Халықаралық даму қоры ұйымдастырған форумда Қазақстан премьер-министрінің орынбасары – ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаровтың Араб үйлестіру тобына кіретін ислам даму институттарымен бірқатар екіжақты кездесу өткізіп, сондай-ақ Қазақстан үкіметі мен Ислам банкі арасындағы Негіздемелік бағдарламалық келісімге қол қойылғаны айтылды.Су шаруашылығы және ирригация министрлігі биыл қаржыландыруға дайын 16 жобаны дайындады. Оларға су қоймаларын, бөгеттерді, ирригациялық арналарда, бақылау-реттеу және олармен байланысты инфрақұрылымдарды салу және қайта жаңарту кіреді. Көлік министрлігі жалпы ұзындығы 500 шақырымнан асатын республикалық маңызы бар жолдарды қайта жаңғырту және салу бойынша 4 жобаны ұсынды.Келісім алға қойылған мақсаттарға табысты іске асыруды және қол жеткізуді қамтамасыз ету үшін бірлескен жобаларды іске асыру барысына тұрақты консультациялар мен мониторинг жүргізуді көздейді.Бұған дейін хабарлағанымыздай, Қазақстанның сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Жидда қаласында Ислам даму банкі мен Ислам ынтымақтастығы ұйымының басшылығымен кездесулер өткізді.Қазақстан дипломатия ведомствосының басшысы ИДБ президенті Мұхаммед Сүлейман әл-Жасермен кездесуінде Қазақстанның экономикалық әлеуеті туралы хабарлады.Банк тобы Қазақстанда құны 1,6 миллиард доллардан асатын 70-ке жуық жобаны жүзеге асырды, деп мәлімдеді Нұртілеу.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/05/0a/44198997_0:0:1280:960_1920x0_80_0_0_08302a86c1d5eb7496a4aee555d34c43.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жолдар, банк
Ислам даму банкі Қазақстандағы су қоймалары мен жолдарға қаржы бөледі
Қазақстан үкіметі мен Ислам даму банкі арасында Негіздемелік бағдарламалық келісімге қол қойылды
АСТАНА, 27 маусым – Sputnik. Ислам даму банкі Қазақстандағы инфрақұрылым жобаларын қолдауға 2 миллиард долларға дейін қаржы бөледі, деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.
ОРЕС Халықаралық даму қоры ұйымдастырған форумда Қазақстан премьер-министрінің орынбасары – ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаровтың Араб үйлестіру тобына кіретін ислам даму институттарымен бірқатар екіжақты кездесу өткізіп, сондай-ақ Қазақстан үкіметі мен Ислам банкі арасындағы Негіздемелік бағдарламалық келісімге қол қойылғаны айтылды.
"Келісім осы жылы су шаруашылығы және көлік салаларындағы инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруды бастау үшін ұзақ мерзімді инвестициялар тарту туралы бұрын қол жеткізілген келісімдерді бекітті. Ислам даму банкі осы мақсаттарға 2 миллиард долларға дейін қаражат бөледі", - делінген хабарламада.
Су шаруашылығы және ирригация министрлігі биыл қаржыландыруға дайын 16 жобаны дайындады. Оларға су қоймаларын, бөгеттерді, ирригациялық арналарда, бақылау-реттеу және олармен байланысты инфрақұрылымдарды салу және қайта жаңарту кіреді. Көлік министрлігі жалпы ұзындығы 500 шақырымнан асатын республикалық маңызы бар жолдарды қайта жаңғырту және салу бойынша 4 жобаны ұсынды.
Келісім алға қойылған мақсаттарға табысты іске асыруды және қол жеткізуді қамтамасыз ету үшін бірлескен жобаларды іске асыру барысына тұрақты консультациялар мен мониторинг жүргізуді көздейді.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, Қазақстанның сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Жидда қаласында Ислам даму банкі мен Ислам ынтымақтастығы ұйымының басшылығымен кездесулер өткізді.
Қазақстан дипломатия ведомствосының басшысы ИДБ президенті Мұхаммед Сүлейман әл-Жасермен кездесуінде Қазақстанның экономикалық әлеуеті туралы хабарлады.
Банк тобы Қазақстанда құны 1,6 миллиард доллардан асатын 70-ке жуық жобаны жүзеге асырды, деп мәлімдеді Нұртілеу.