Биыл халық көптен күткен үш жол пайдалануға беріледі

© Photo : Yelena SergiyenkoЗакат на трассе Нур-Султан - Бурабай
Закат на трассе Нур-Султан - Бурабай - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.06.2024
Жазылу
АСТАНА, 27 маусым – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев биыл пайдалануға берілетін жолдарды атады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Ақордада БАҚ өкілдерімен өткен жиында мемлекет басшсысы биыл халық көптен күткен ірі автожолдардың іске қосылатынын айтты. Осы жобалар еліміздің көлік құрылымын нығайтып, іскерлік белсенділіктің артуына ықпал етеді.
"Атап айтқанда, "Астана – Алматы", "Алматы – Өскемен", "Ақтөбе – Қандыағаш", "Атырау – Астрахань" жолдары пайдалануға беріледі. Сонымен қатар "Жезқазған – Қарағанды" магистралін жобалау жұмыстары басталады. Мұның бәрі – жүзеге асырылып жатқан және жоспарланған ауқымды жобалардың бір бөлігі ғана", - деді Тоқаев.
Оның айтуынша, соңғы жылдары еліміздің барлық өңірінде тұрақты түрде жаңа кәсіпорындар ашылып, жаңа жолдар мен көпірлер салынып жатыр. Инженерлік желілер мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық нысандары жаңартылуда.
"Бірақ көбіне мұндай жағымды ақпарат лайықты деңгейде таралмай жатады. Жақсыны жақсы деп айту керек. Ел дамуындағы оң өзгерістерге көбірек назар аудару бұқаралық ақпарат құралдарының, әсіресе, мемлекеттік БАҚ-тың міндеті деп санаймын", - деп атап көрсетті Тоқаев.
Жаңалықтар
0