https://sputnik.kz/20240627/-serpin-bagdarlamasy-boyynsha-kimder-grantqa-ie-bola-alady-45253720.html
"Серпін" бағдарламасы бойынша кімдер грантқа ие бола алады
"Серпін" бағдарламасы бойынша кімдер грантқа ие бола алады
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 27 маусым – Sputnik. Ұлттық тестілеу орталығы "Серпін" бағдарламасы аясында грантпен білім алу жайында ақпарат жариялады. 27.06.2024, Sputnik Қазақстан
2024-06-27T08:04+0500
2024-06-27T08:04+0500
2024-06-27T08:11+0500
талапкерлер
білім гранттары
https://sputnik.kz/img/285/44/2854454_0:120:1280:840_1920x0_80_0_0_5c4c894637e4528c1832c26c8c62844f.jpg
АСТАНА, 27 маусым – Sputnik. Ұлттық тестілеу орталығы "Серпін" бағдарламасы аясында грантпен білім алу жайында ақпарат жариялады."Серпін" жобасының басты мақсаты — еліміздің оңтүстік өңірлерінің жастарын кадр тапшылығын көріп отырған аймақтарда оқытып, білікті мамандар даярлау."Серпін" бағдарламасына мына аймақтардың түлектері қатыса алады: Түркістан, Қызылорда, Жамбыл, Алматы және Жетісу облыстары.Еске сала кетейік, бағдарлама тек ауыл түлектеріне арналған.Гранттар мынадай облыстарда орналасқан ЖОО-ларға бөлінді: Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Абай, Павлодар, Ұлытау, Қарағанды, Қостанай облыстары.Гранттар тек педагогикалық, IT және техникалық, ауыл шаруашылық мамандықтарына беріледі.Биыл "Серпін" бағдарламасына мемлекеттен 3 903 грант бөлініп отыр.Оның 2500-ден астамы педагогикалық бағытта, 700-ге жуығы инженерия, өңдеу және құрылыс саласына, ал 300-ге жуығы IT-ге, 70-ке жуық грант ауыл шаруашылығы және биоресурстар бағытына бөлінген.Жоба бойынша грантқа түскен түлектер шәкіртақы алады және жатақханамен қамтамасыз етіледі."Серпін" бағдарламасы түлектері үшін оқу аяқтаған соң грант өтеу мерзімі 3 жылдан 2 жылға қысқартылып, өтеу орны 11 аймаққа ұлғайтылды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/285/44/2854454_0:0:1280:960_1920x0_80_0_0_7fe29c57a34be508f0e6046a189719af.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
талапкерлер, білім гранттары
талапкерлер, білім гранттары
АСТАНА, 27 маусым – Sputnik. Ұлттық тестілеу орталығы "Серпін" бағдарламасы аясында грантпен білім алу жайында ақпарат жариялады.
"Серпін" жобасының басты мақсаты — еліміздің оңтүстік өңірлерінің жастарын кадр тапшылығын көріп отырған аймақтарда оқытып, білікті мамандар даярлау.
"Серпін" бағдарламасына мына аймақтардың түлектері қатыса алады: Түркістан, Қызылорда, Жамбыл, Алматы және Жетісу облыстары.
Еске сала кетейік, бағдарлама тек ауыл түлектеріне арналған.
Гранттар мынадай облыстарда орналасқан ЖОО-ларға бөлінді: Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Абай, Павлодар, Ұлытау, Қарағанды, Қостанай облыстары.
Гранттар тек педагогикалық, IT және техникалық, ауыл шаруашылық мамандықтарына беріледі.
Биыл "Серпін" бағдарламасына мемлекеттен 3 903 грант бөлініп отыр.
Оның 2500-ден астамы педагогикалық бағытта, 700-ге жуығы инженерия, өңдеу және құрылыс саласына, ал 300-ге жуығы IT-ге, 70-ке жуық грант ауыл шаруашылығы және биоресурстар бағытына бөлінген.
Жоба бойынша грантқа түскен түлектер шәкіртақы алады және жатақханамен қамтамасыз етіледі.
"Серпін" бағдарламасы түлектері үшін оқу аяқтаған соң грант өтеу мерзімі 3 жылдан 2 жылға қысқартылып, өтеу орны 11 аймаққа ұлғайтылды.