Үкім өзгеріссіз қалды: Сот Бишімбаевтың аппеляциялық шағымын қанағаттандырмады

© Sputnik / Молдир БультековаСуд рассматривает апелляцию по уголовным делам Бишимбаева и Байжанова
Суд рассматривает апелляцию по уголовным делам Бишимбаева и Байжанова - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.06.2024
Жазылу
АСТАНА, 25 маусым – Sputnik. Апелляциялық сот Қуандық Бишімбаев пен оның інісі Бақытжан Байжанов үкімін өзеріссіз қалдырды.
Еске салсақ, Бишімбаевқа екі бап бойынша айып тағылды: аса қатыгездікпен кісі өлтіру (15 жылдан 20 жылға дейін немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру); қинау (4 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе осы мерзімге бас бостандығынан айыру).
Ал аса ауыр қылмысты жасырды деп айыпталған Бақытжан Байжанов 4 жылға бас бостандығынан айырылды.

Салтанат Нүкенованың өлімі

Өткен жылдың 9 қарашасында бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың елордадағы мейрамханалардың бірінде әйелін ұрып өлтіргені туралы хабар қоғамды дүр сілкіндірген еді.
Кейбір БАҚ беттерінде Бишімбаевтың қатты мас болғаны, тіпті есірткіге мас болғаны туралы хабарланды. Полиция марқұмның жедел жәрдем келгенше қайтыс болғанын айтты.
ІІМ сол күні мейрамханадағы жанжалдың салдарынан алған дене жарақаттарынан бір әйелдің қайтыс болғанын растаған еді. Алайда оқиғаға қатысты қандай да бір ақпарат берген жоқ: зардап шегушінің атын атаған жоқ.
Кейіннен ішкі істер министрлігі Астана мейрамханасындағы кісі өлімі бойынша Қуандық Бишімбаевтың ұсталғанын растады.
Тергеу барысында оқиға болған "Bau" мейрамханасы орналасқан Гастро орталық директоры қылмысты жасырды деген күдікке ілініп, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Жаңалықтар
0