Шілдеде қай өңірлерде құрғақшылық болуы мүмкін
жара засуха
Жазылу
Болжам www.agrodata.kz қосымшасында және "Қазгидромет" РМК ресми сайтында жарияланды
АСТАНА, 26 маусым – Sputnik. Қазгидромет шілде айындағы құрғақшылыққа болжам жасады.
Жалпы 2024 жылдың шілде айында Қазақстан аумағында ылғалдану жағдайы көбінесе көпжылдық мәндерге жақын болады деп болжанып отыр, алайда атмосфералық құрғақшылық басталу қаупі бар аумақтардың аумағы ұлғаюда.
Атмосфералық құрғақшылық:
Қостанай облысының Амангелді және Жангелді аудандарында;
Ақтөбе облысының Әйтеке би ауданында, Байғанин, Ойыл, Хромтау және
Шалқар аудандарында;
Қарағанды облысының Шет ауданында;
Ұлытау облысының Ұлытау және Жаңаарқа аудандарында;
Алматы облысының Балқаш және Жамбыл аудандарында;
Жамбыл облысының Мойынқұм, Жуалы және Т. Рысқұлов аудандарында;
Түркістан облысының Арыс, Созақ, Қазығұрт, Түркістан, Отырар және Бәйдібек аудандарында;
Қызылорда облысының Арал, Қазалы, Қармақшы, Шиелі аудандарында;
Маңғыстау облысының Бейнеу, Маңғыстау және Қарақия аудандарында;
Атырау облысының басым бөлігінде болады деп болжанды.
Шілде айында бірқалыпты ылғалды жағдай Солтүстік Қазақстан облысының Тайынша ауданында, Ақмола облысының Сандықтау, Бурабай, Астрахан аудандарында және Степногроск қаласында күтіледі.
Елдің қалған аумағында ылғалдану жағдайы осы ай үшін бірқалыпты жағдайға жуық болады деп болжанып отыр.
Қажет болған жағдайда алдын ала болжам нақтыланады.