Астана, ШЫҰ саммиті - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.07.2024
Астана ШЫҰ-2024
ШЫҰ – 2001 жылы Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстанның мемлекет басшылары құрған халықаралық ұйым.

Қатар әмірі ШЫҰ саммитіне қатысады

© PhotoГлава государства принял посла Государства Катар в Казахстане Абдаллу бен Хусейна Джабера
Глава государства принял посла Государства Катар в Казахстане Абдаллу бен Хусейна Джабера
 - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.06.2024
Жазылу
АСТАНА, 26 маусым – Sputnik. Әңгімелесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Қатарды Қазақстанның ортақ мақсаттар мен мұраттар біріктіретін ең жақын серіктестерінің бірі ретінде атады.
Мемлекет басшысы кейінгі жылдары Қазақстан мен Қатар екіжақты және көпжақты күн тәртібінің барлық бағыты бойынша елеулі табысқа қол жеткізгеніне назар аударды. Бұған қоса, екі ел берік құқықтық база қалыптастырды және бірқатар ірі инвестициялық жобаны жүзеге асырды.
Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада өтетін ШЫҰ саммитін қолдап, құрметті қонақ ретінде қатысуға ниет танытқаны үшін Қатар әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәниге ризашылығын білдірді.
Жаңалықтар
0