Батыс Қазақстандағы электр желілерін қалпына келтіруге 1,1 млрд теңге бөлінді

© Sputnik / Павел Лисицын / Медиабанкке өтуЛинии электропередач
Линии электропередач  - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.06.2024
Жазылу
Өңір әкімдігі 1 желтоқсанға дейін қаражаттың мақсатты пайдаланылғаны жөнінде есеп беруге тиіс
АСТАНА, 26 маусым – Sputnik. Үкімет Батыс Қазақстан облысындағы алапат су тасқынынан бүлінген электр желілерін қалпына келтіруге резервтен 1,1 млрд теңгеден астам қаражат бөлді.
Қаражат табиғи сипаттағы ТЖ салдарын жою шеңберінде өңірлік бюджетке аударылады.
БҚО әкімдігі Энергетика министрлігіне 1 желтоқсанға дейін қаражаттың мақсатты пайдаланылғаны жөнінде есеп беруге тиіс.
Қалпына келтіру жұмыстары келесі учаскелерде жүргізіледі:
Бәйтерек ауданындағы Шалғай – Таловая;
Кеңтүбек (Григорьевка) – Бөрлі ауданындағы Александровка;
Шыңғырлау – Шыңғырлау ауданындағы Ащысай (Мырзагора).
Еске сала кетейік, елімізде болған алапат су тасқыны салдарынан инженерлік, әлеуметтік инфрақұрылым және жолдар бүлінген болатын. Атап айтқанда, 2,3 мыңнан астам электрмен жабдықтау тірегі қирап, 54 шақырым желі үзілген. Қазіргі таңда оның 40%-дан астамы қалпына келтірілді, жұмыс жаз айларында қарқынды жалғасып жатыр.
Сондай-ақ бұған дейін Қостанай облысында электр желілерін қалпына келтіруге төтенше резервінен 1,3 млрд теңгеден астам қаражат бөлу туралы үкімет қаулысы қабылданған болатын. Қалпына келтіру жұмыстары Арқалық қаласы, Амангелді және Жангелді аудандарын қамтиды.
Жаңалықтар
0