Атырауда үстіне ескерткіш құлаған бала көз жұмды

© Sputnik / Владислав ВодневКарета скорой помощи на дороге столицы
Карета скорой помощи на дороге столицы - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.06.2024
Жазылу
АСТАНА, 26 маусым – Sputnik. Атырау қаласындағы саябақта тұрған ескерткіш баланың үстіне құлап кетті. Кішкентай қыз жансақтау бөлімінде көз жұмды, деп хабарлады ATPress.kz порталы.
Әлеуметтік желіде оқиға орнында түсірілген фото тарады. Соған қарағанда баланың үстіне Ұлы Отан соғысы ардагерінің бюсті құлаған. Ескерткіш тұғырымен бірге жерде жатыр. Полиция қайғылы оқиғаның Жеңіс саябағында болғанын хабарлады.
"26 маусымда түнгі уақытта Атырау қаласындағы Жеңіс саябағы алаңында 2017 жылы туған қыз баланың үстіне ескерткіш құлады. Ол алған дене жарақаты салдарынан облыстық балалар ауруханасында қайтыс болды", - дейді полицейлер.
Қазіргі кезде тергеу шаралары басталды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.
Жаңалықтар
0