Астана, ШЫҰ саммиті - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.07.2024
Астана ШЫҰ-2024
ШЫҰ – 2001 жылы Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстанның мемлекет басшылары құрған халықаралық ұйым.

Астанада ШЫҰ іскерлік кеңесінің басқармасы жиналады

© Sputnik / Санат ИмангалиевСовещание министров энергетики государств-членов Шанхайской организации сотрудничества
Совещание министров энергетики государств-членов Шанхайской организации сотрудничества - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.06.2024
Жазылу
АСТАНА, 26 маусым – Sputnik. 28 маусым күні Астанада Шанхай Ынтымақтастық ұйымының іскерлік кеңесі басқармасының 25-ші отырысы өтеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Басқарма отырысына "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасының басшысы Райымбек Баталов төрағалық етеді. Қатысушылар ШЫҰ мүше елдердің арасындағы экономикалық ынтымақтастық мәселелерін талқылайды. Бұдан бөлек, инвестициялық байланыстарды нығайту және бірлескен инфрақұрылымдық жобаларды әзірлеу жайы қаралады.
Отырыс кезінде мемлекеттік органдар, іскерлік орта өкілдері, халықаралық ұйымдар, сондай-ақ, экономика мен халықаралық қатынастар саласындағы сарапшылар сөз сөйлейді. Ал түстен кейін ШЫҰ бизнес-форумы өтеді. Тақырыбы: "Сауда-экономикалық ынтымақтастық (өнеркәсіп, көлік пен логистика, инвестициялар, мәдениет пен туризм)".
Бизнес-форумда ШЫҰ мүше елдердің ірі компаниялары B2B форматта кездесулер де өткізеді. Соның арқасында тікелей іскерлік қарым-қатынас орнатып, бірлескен жобаларды талқылауға және келісімшарттарды рәсімдеуге мүмкіндік болады.
Шанхай Ынтымақтастық ұйымының іскерлік кеңесі басқармасының 25-ші отырысы Rixos қонақ үйінде, "Шаңырақ" залында өтеді. Басталуы - 9:30.
Жаңалықтар
0