Астанада қала күніне орай дрондар шоуы өтеді

© Sputnik / Владислав ВодневАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.06.2024
Жазылу
АСТАНА, 26 маусым – Sputnik. 6 шілде – Астана күніне орай дрондардың жарық шоуы ұйымдастырылады.
Шоу демеушілік қаражат есебінен ұйымдастырылады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Елорда күнін атап өту үшін 100-ге жуық түрлі іс-шара жоспарланған, оның ішінде қаланың тұрғын алаптары да назардан тыс қалған жоқ. Іс-шаралардың басым бөлігі қала тұрғындары мен қонақтары үшін тегін.
26 маусымнан 4 шілдеге дейін аппаратураның техникалық жай-күйі мен қабілетін тексеру үшін техникалық ұшулар орындалады. Оны елорда тұрғындары мен қонақтары 6 шілде күні ЭКСПО аумағында көреді. Уақыты туралы қосымша хабарланады.
Оформление столицы ко Дню города - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.06.2024
Шілдеде қанша күн демалыс болады?
Жаңалықтар
0