Тоқаев ЕҚЫҰ-ның қазіргі төрағасымен өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады

© Пресс-служба президента КазахстанаКасым-Жомарт Токаев и Иан Борч
Касым-Жомарт Токаев и Иан Борч - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.06.2024
Жазылу
АСТАНА, 25 маусым – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының қазіргі төрағасы, Мальтаның сыртқы істер министрі Иан Борчты қабылдады, деп хабарлады Ақорда.
Кездесу барысында екіжақты күн тәртібінің өзекті мәселелері, сондай-ақ ЕҚЫҰ аясындағы ықпалдастықтың жай-күйі талқыланды.
Мемлекет басшысының айтуынша, ЕҚЫҰ қауіпсіздікке төнетін қазіргі сын-қатерлер жағдайында біздің аймақта және одан тыс жерлерде барлық үш өлшем бойынша жоспарлы жұмыс жүргізіп жатыр. Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев 2010 жылғы ЕҚЫҰ саммитінің Астана декларациясында бекітілген мақсаттарға қол жеткізу үшін Қазақстан барлық тараппен тығыз ынтымақтастық жасауға бейілді екенін растады.
"Біз осы ізгі мақсаттарға жету үшін бар күш-жігерімізді жұмсауға, сондай-ақ жан-жақты ынтымақтастыққа негізделген қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында ұйымға төрағалық етіп отырған Мальтамен бірлескен жұмыстарды жалғастыруға дайынбыз", – деді президент.
Кездесу соңында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мальта президенті Мириам Спитери Дебоноға ізгі тілегін жолдап, екіжақты қарым-қатынасты нығайтуға және Қазақстан мен Мальта байланыстарына тың серпін беруге әзір екенін жеткізді.
Жаңалықтар
0