https://sputnik.kz/20240625/qaragandyga-zhaqyn-zherde-saqtar-zhasagan-qanzhar-tabyldy-45187457.html
Қарағандыға жақын жерде сақтар жасаған қанжар табылды
Қарағандыға жақын жерде сақтар жасаған қанжар табылды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 25 маусым – Sputnik. Шет ауданындағы Талды тарихи-археологиялық паркінде сақ дәуіріне жататын қанжар табылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан... 25.06.2024, Sputnik Қазақстан
2024-06-25T14:25+0500
2024-06-25T14:25+0500
2024-06-25T14:25+0500
қанжар
https://sputnik.kz/img/07e8/06/19/45186981_0:0:800:450_1920x0_80_0_0_5c77e2c972d2bbe91e79e2c23d0470ff.jpg
АСТАНА, 25 маусым – Sputnik. Шет ауданындағы Талды тарихи-археологиялық паркінде сақ дәуіріне жататын қанжар табылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Қарағанды облысының әкімдігіне сілтеме жасап.Байқасқа қорымында үш қорған зерттелді. Тарихшылардың айтуынша, бұл қорғандар белгілі бір ережемен салынған. Соның арқасында барлығы бірнеше мың жыл бойы пішінін сақтап қалған. Археологтар сол жерден темір қанжар мен сан алуан рәсімдерге арналған ыдыс тапты."Археологиялық зерттеулер" ЖШС директоры Ерлан Әміровтың айтуынша, темір топырақта қалып қойса, нашар сақталады. Ал археологтар тапқан қанжар жақсы сақталған.Шағын, орта және үлкен қорғандардың биіктігі қайтыс болған адамның материалдық байлығын немесе әлеуметтік мәртебесін білдіреді деген болжам бар. Сондай-ақ салттық мақсаттарға қажетті керамикалық ыдыс та табылды.Ал Ақкезен қорымы бас қорғаннан және шығысқа қарай екі доғалы тастан жасалған екі серіктес қорғаннан тұрады. Олар кішкентай тас үйінділермен аяқталады. Ғалымдар соның құпиясын аша алмай жатыр. Бұл Орталық Қазақстан аумағында өмір сүрген белгілі бір халық деген негізгі пікір бар. Оларда жерлеу үйінділерін ескілеріне бекіту дәстүрі болғанға ұқсайды."Талдыда ғұн – сармат дәуірінің ескерткіштері (б. з. д. III ғасырдан б. з. д. III ғасырға дейін) ежелгі сақ қорғандарына байланған деп есептейміз. Қосалқы қорғандарда жерлеу сирек кездеседі. Біз қола қазандық пен темір найза ұшын таптық", - деп атап өтті Әміров.Айта кетері, қазба жұмыстарын қарағандылық ғалымдар мен Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің студенттері жүргізіп жатыр.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/06/19/45186981_100:0:700:450_1920x0_80_0_0_7f32313511f875d744ab976226c72f0c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қанжар
АСТАНА, 25 маусым – Sputnik. Шет ауданындағы Талды тарихи-археологиялық паркінде сақ дәуіріне жататын қанжар табылды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан Қарағанды облысының әкімдігіне сілтеме жасап.
Байқасқа қорымында үш қорған зерттелді. Тарихшылардың айтуынша, бұл қорғандар белгілі бір ережемен салынған. Соның арқасында барлығы бірнеше мың жыл бойы пішінін сақтап қалған. Археологтар сол жерден темір қанжар мен сан алуан рәсімдерге арналған ыдыс тапты.
"Археологиялық зерттеулер" ЖШС директоры Ерлан Әміровтың айтуынша, темір топырақта қалып қойса, нашар сақталады. Ал археологтар тапқан қанжар жақсы сақталған.
"Бұл қанжар – скиф-сақ триадасына кіретін пышақ қаруы. Біздің дәуірімізге дейінгі III–II ғасырлардағы қанжар, сақ дәуірінен ғұн-сармат кезеңіне өту уақытына жатады. Акинактың ыңғайлы тұтқасы, түзу крест, қисық шыңы және қан ағызатын ойығы бар", - дейді Әміров.
Шағын, орта және үлкен қорғандардың биіктігі қайтыс болған адамның материалдық байлығын немесе әлеуметтік мәртебесін білдіреді деген болжам бар. Сондай-ақ салттық мақсаттарға қажетті керамикалық ыдыс та табылды.
Ал Ақкезен қорымы бас қорғаннан және шығысқа қарай екі доғалы тастан жасалған екі серіктес қорғаннан тұрады. Олар кішкентай тас үйінділермен аяқталады. Ғалымдар соның құпиясын аша алмай жатыр. Бұл Орталық Қазақстан аумағында өмір сүрген белгілі бір халық деген негізгі пікір бар. Оларда жерлеу үйінділерін ескілеріне бекіту дәстүрі болғанға ұқсайды.
"Талдыда ғұн – сармат дәуірінің ескерткіштері (б. з. д. III ғасырдан б. з. д. III ғасырға дейін) ежелгі сақ қорғандарына байланған деп есептейміз. Қосалқы қорғандарда жерлеу сирек кездеседі. Біз қола қазандық пен темір найза ұшын таптық", - деп атап өтті Әміров.
Айта кетері, қазба жұмыстарын қарағандылық ғалымдар мен Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің студенттері жүргізіп жатыр.