FlyArystan ТМД мен Орталық Азиядағы ең арзан лоукостер атанды

© Photo : Пресс-служба FlyArystanFlyArystan вновь признана лучшим лоукостером Центральной Азии и СНГ
FlyArystan вновь признана лучшим лоукостером Центральной Азии и СНГ - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.06.2024
Жазылу
Өткен жылы компания 3,6 миллион жолаушы тасымалдаған
АСТАНА, 25 маусым – Sputnik. Қазақстандағы бірінші лоукостер FlyArystan әуе компаниясы "Орталық Азия мен ТМД-дағы ең үздік лоукостер" деген екінші марапатына ие болды.
Компания марапаттау Лондондағы Skytrax халықаралық ұйымы ұйымдастырған беделді World Airline Awards 2024 салтанатты шарасында болғанын хабарлады.
Компания сәуір айында пайдаланушының жеке сертификатын алды.
"FlyArystan бренді Қазақстанның авиация әкімшілігінен (ҚАӘ) пайдаланушының жеке сертификатын (AOC) алды", - деп хабарлады компания.
2019 жылы өз жұмысын бастағаннан бері FlyArystan Air Astana әуе компаниясының AOC қызметін пайдаланады.
Дегенмен FlyArystan компаниясы Air Astana тобының толық еншілес компаниясы болып қала береді.
Air Astana әуе компаниясының басшысы Питер Фостердің айтуынша, 2019 жылы іске қосылғаннан бергі бес жыл ішінде FlyArystan қазақстандық нарықта көшбасшыға айналып, оның дамуын ынталандырды.
Фостердің айтуынша, компания 2023 жылы 3,6 миллион жолаушыны арзан әуе көлігімен қамтамасыз етті, әуе кемелерінің паркін 4 ұшақтан 18 ұшаққа дейін ұлғайтты, 2024 жылы тағы 6 ұшақ жеткізіледі.
Жаңалықтар
0