Елорда оқушылары арасында лагерге жолдамалар ойнатылады

© Photo Президент Касым-Жомарт Токаев принял участие в церемонии поднятия Государственного флага и вручил офицерские звания лучшим выпускникам военных вузов
 Президент Касым-Жомарт Токаев принял участие в церемонии поднятия Государственного флага и вручил офицерские звания лучшим выпускникам военных вузов
 - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.06.2024
Жазылу
АСТАНА, 25 маусым - Sputnik. Елордада "Таза Қазақстан" экологиялық акциясы өтіп жатыр. Қала тұрғындары мен қонақтары сенбіліктер мен экоакцияларға белсенді қатысып, Астананың дамуы мен тазалығына үлес қосуда.
Астана әкімдігі ресми сайтының мәліметінше, қалалық білім басқармасы оқушылар арасында үздік сурет байқауын бастайды.
Конкурстың тақырыбы – "Таза Қазақстан" экоакциясы, қала мен табиғатқа ұқыпты қарау. Байқау 25 маусымнан 7 шілдеге дейін жалғасады.
10 шілдеде аталған іс-шараның қорытындысы шығып, 3 жеңімпазға балалар лагеріне жолдама беріледі.
Жарысқа қатысушылар Instagram-дағы Астана әкімдігінің ресми аккаунтына (@akimat__astana) жазылып, Instagram-да суреттер жариялап, оны #тазаАстана, #экоакцияАстана хэштегтерімен (жарияланым болуы керек, stories жарамайды) белгілеуі қажет.
Жаңалықтар
0