Батыс Қазақстанда болған жол апатында үш адам өртеніп кетті

© Photo : pixabay.comГорящий автомобиль, иллюстративное фото
Горящий автомобиль, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.06.2024
Жазылу
АЛМАТЫ, 25 маусым – Sputnik. Батыс Қазақстан облысында жол апатынан жанып кеткен көліктің ішінен үш мәйіт табылды, деп хабарлайды "Мой город" порталы.
Оқиға 24 мауымда сағат 16:45-те Самара — Шымкент тас жолында болған. Фура жүк көлігі мен Toyota Prado жол талғамайтын көліктері соқтығысқан.
"Теректі ауданы Аңқаты кентінің маңында Самара-Шымкент автожолында жол апаты болды. Toyota Prado Volvo жүк көлігінің тіркемесіне кіріп кеткен. Апат салдарынан жол талғамайтын көлік өртеніп кетті. Көлік сөндірілген соң салоннан күйіп кеткен үш адамның мәйіті табылды", - дейді облыстық полиция департаменті.
Оқиғаның мән-жайын анықталып, тергеу жүріп жатыр.
Жаңалықтар
0