"Қызын тұншықтырып өлтірген": Алматыда мәйіті табылған әйелге қатысты тың ақпарат шықты

© Sputnik / Тимур БатыршинПарк оформили в национальном стиле. Он буквально утопает в зелени и цветах
Парк оформили в национальном стиле. Он буквально утопает в зелени и цветах - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.06.2024
Жазылу
АЛМАТЫ, 25 маусым – Sputnik. Алматыдағы демалыс саябағында Алматы облысы Іле ауданы Арман ауылының тұрғыны Юля Скринникованың мәйіті табылды. Қайғылы жағдайдың мән-жайын Sputnik Қазақстан тілшісі біліп қайтты.
Оқиға 24 маусымда болған. 41 жастағы әйелдің мәйіті демалыс саябағындағы айналаны шолу каруселі маңынан табылған. Әйел одан бұрын қызын үйінде тұншықтырып өлтірген деген күдікке ілініп отыр. Арман ауылындағы көршілерінің айтуынша, марқұмның тұрмыстық жағдайы жақсы, бақуатты отбасы.
"Ұрыс-керіс болғанын естімедік. Күйеуі ІТ маманы болып жұмыс істейді. Қыздарын ұзақ жыл күтіп жүріп өмірге әкелген. Жалпы ешкіммен араласа қоймайды. Ал қыздарын аялап өсірген, балаға керек жағдайдың бәрі жасалған. Жақында көлік сатып алды. Марқұм Юлия сол машинамен жүретін", - дейді Ольга Нұржаубаева есімді көршісі.
Юлия қаза болардан бұрын 2018 жылы туған қызы Варвараны тұншықтырып өлтірді деген күдікке ілініп отыр. Бұл әрекетін әпкесі Яна Афонинаның үйіне барып айтып, қашып кеткен көрінеді. Әпкесі әйел жан тапсырған саябақтың маңында тұрған. Яна Афонина полицияға хабарлаған. Бұл бейресми ақпаратты ауылдықтар айтып отыр.
© Sputnik / Айдана ДайыроваЮля Скринникованың
Юля Скринникованың - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.06.2024
Юля Скринникованың
"Марқұм әйел жаздың шіліңгір ыстығында кейде қалың киіммен жүретін. Аяғына қалың қыстық етік киіп алып жүргенін барлық көрші бірнеше рет көріпті. Қызын да қалың киіндіріп қоятын. Бірақ психикалық ауытқуы туралы естіген емеспіз. Сырттай жап-жақсы отбасы. Күйеуі екеуі қыздарын ертіп жүретін", - дейді Сарбиноз есімді көршісі.
Көршілері бұл жағдайды полиция келгенде ғана білген.
"Біз полиция келген кезде үйге кірдік. Әкесі өзіне қол жұмсап қоймасын қарап қойыңыздар деген соң кірдік. Әкесі үн-түнсіз диванда жатыр екен. Ол жұмыстан келіпті. Ал кішкентай Варварамен үлкен немерем үнемі ойнайтын. Бірақ ешбір кемшілік байқаған емеспіз", - дейді Ольга Нұржаубаева.
Марқұмның туыстары тілшімен сөйлесуден бас тартты. Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр.
"Қыз баланың қайтыс болу фактісі бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді", - дейді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Еске сала кетейік, 24 маусымда Алматының М.Горький паркінде айналаны шолу каруселінің жанынан әйел адамның мәйіті табылды. Ол жедел жәрдем келгенге дейін қайтыс болды. Арада бірер сағат өткен соң "марқұм өз қызын өлтіріпті" деген ақпарат тарады.
Жаңалықтар
0