Үйіне әйелді кіргізген зейнеткер 2 миллион теңгеден айырылды

© Photo : СС0 / truthseeker08Рука больного
Рука больного - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.06.2024
Жазылу
АСТАНА, 24 маусым – Sputnik. Ақмола облысында 64 жастағы зейнеткер алаяқ әйелге алданды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Polisia.kz порталына сілтеме жасап.
Жақсы ауылының тұрғыны жалғыз тұрады. Сол күні бір әйелді тамақ жасап беруді және пәтерін жинап шығуды сұраған. Екеуі әңгіме-дүкен құрған. Сонда алаяқ әйел зейнеткердің туған жылын біліп алған. Дәл сол дата банк қосымшасына кіруге пароль болған. Ер адамды алдап, фотоға да түсіріп алды. Ал бөлмеден шығып кеткенде ұялы телефонымен 2 миллион теңгеге кредит рәсімдеп, ақшасын өз ұлының есепшотына аударған.
Зейнеткер заңсыз кредит туралы білген бойда полицияға арыз түсірді. Жедел іздестіру шаралары барысында 37 жастағы әйел ұсталды. Күдікті зейнеткердің ауылдасы болып шықты. Бұрын Қылмыстық кодекстің 188-бабы (ұрлық) бойынша жауапқа тартылған. Осы жолы 190-бабының 2-бөлігі (Алаяқтық, ақпараттық жүйені пайдаланушыны алдау немесе сенімін теріс пайдалану жолымен жасалған әрекет) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Айта кетері, осы қылмыс үшін 4 000 АЕК-ке (14 768 000 теңгеге) дейiнгi айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстары немесе 1 000 сағатқа қоғамдық жұмыстар, я болмаса, төрт жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Жаңалықтар
0