ҰҚШҰ СІМ басшылары Таяу Шығыстағы бейбіт тұрғындардың қырылуына наразылық білдірді

© AP Photo / Ohad ZwigenbergСгоревшие автомобили после прилета ракеты из сектора Газы в израильский город Ашкелон
Сгоревшие автомобили после прилета ракеты из сектора Газы в израильский город Ашкелон - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.06.2024
Жазылу
Көз жұмған бейбіт тұрғындардың саны қазір ондаған мыңға жетеді 

АСТАНА, 24 маусым – Sputnik. ҰҚШҰ одақ елдері сыртқы істер министрлерінің Алматыда өткен саммитте жасаған мәлімдемесін толық жариялады.
Қазақстан, Ресей, Беларусь, Қырғызстан және Тәжікстанның министрлері Таяу Шығыста ондаған мың бейбіт тұрғынның қаза болуын айыптады.
"Біз Палестина-Израиль қақтығыс аймағында көптеген бейбіт тұрғындардың құрбан болуына, сондай-ақ Таяу Шығыстағы шиеленістің күшеюіне әкеліп соқтырған қазіргі қақтығыстарға үлкен алаңдаушылық білдіреміз. Біз ондаған мың бейбіт тұрғындардың қаза болуына наразымыз, соғыс қимылдарын дереу тоқтатуға, Газа секторының тұрғындарына көмек көрсету үшін гуманитарлық дәліздердің үзіліссіз жұмыс істеуіне және қарулы қақтығыс аймағының кеңею қаупі жағдайында ұстамдылыққа шақырамыз", - делінген хабарламада.
Жаңалықтар
0