https://sputnik.kz/20240624/uqshu-bas-khatshysy-sevastopolge-zhasalgan-shabuyl-men-dagystandagy-teraktini-synady--45179026.html
ҰҚШҰ Бас хатшысы Севастопольге жасалған шабуыл мен Дағыстандағы терактіні сынады
ҰҚШҰ Бас хатшысы Севастопольге жасалған шабуыл мен Дағыстандағы терактіні сынады
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 24 маусым – Sputnik. Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетов Севастопольге зымыранмен жасалған шабуыл мен Дағыстандағы... 24.06.2024, Sputnik Қазақстан
2024-06-24T21:22+0500
2024-06-24T21:22+0500
2024-06-24T21:22+0500
ұқшұ
иманғали тасмағамбетов
дағыстан
ресей
https://sputnik.kz/img/07e8/03/1c/43254677_0:0:2878:1619_1920x0_80_0_0_c2bf168ad2e2cc9798910609c358f7b6.jpg
АСТАНА, 24 маусым – Sputnik. Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетов Севастопольге зымыранмен жасалған шабуыл мен Дағыстандағы терактілерді айыптады.Бас хатшы Развожаевқа және барлық Севастополь тұрғындарына табандылық пен ұстамдылық тіледі.Тасмағамбетов Дағыстандағы лаңкестердің әрекетін де айыптады."Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының хатшылығы Махачкала мен Дербенттегі қайғылы оқиғалар туралы хабарға да қайғырады. Сізге және көпұлтты Дағыстан Республикасының халқына полиция қызметкерлерінің және бейбіт тұрғындардың қазасына байланысты көңіл айтамыз.Ұйым бүкіл Дағыстан халқымен бірге және,ю орны толмас қазаның қайғысына ортақтасады. Біз лаңкестердің әрекетін және дінаралық араздықты қоздыруға бағытталған кез келген әрекетті қатаң айыптаймыз", - делінген Тасмағамбетовтың Дағыстан басшысы Сергей Меликовке жолдаған мәлімдемесінде.Бұған дейін ҰҚШҰ елдерінің сыртқы істер министрлері Таяу Шығыстағы бейбіт тұрғындардың жаппай көз жұмуын айыптаған болатын.
дағыстан
ресей
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/03/1c/43254677_0:0:2732:2048_1920x0_80_0_0_11e71cb24096ab4e4581d1fb4d532d93.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ұқшұ, иманғали тасмағамбетов, дағыстан, ресей
ұқшұ, иманғали тасмағамбетов, дағыстан, ресей
ҰҚШҰ Бас хатшысы Севастопольге жасалған шабуыл мен Дағыстандағы терактіні сынады
АСТАНА, 24 маусым – Sputnik. Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетов Севастопольге зымыранмен жасалған шабуыл мен Дағыстандағы терактілерді айыптады.
"Құрметті Михаил Владимирович, Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының хатшылығы Севастопольдегі қайғылы оқиға туралы хабарды қайғымен қабылдады. Сізге және Севастополь қаласының халқына бейбіт тұрғындардың қазасына байланысты көңіл айтамыз. Ұйым зымырандық шабуыл нәтижесінде орны толмас шығынның қайғысына ортақ. Біз бейбіт тұрғындарға бағытталған кез келген әрекетті қатаң айыптаймыз", - делінген ҰҚШҰ хатшылығы таратқан және Севастополь губернаторы Михаил Развожаевқа жолдаған Тасмағамбетов мәлімдемесінде, деп хабарлайды РИА Новости.
Бас хатшы Развожаевқа және барлық Севастополь тұрғындарына табандылық пен ұстамдылық тіледі.
Тасмағамбетов Дағыстандағы лаңкестердің әрекетін де айыптады.
"Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының хатшылығы Махачкала мен Дербенттегі қайғылы оқиғалар туралы хабарға да қайғырады. Сізге және көпұлтты Дағыстан Республикасының халқына полиция қызметкерлерінің және бейбіт тұрғындардың қазасына байланысты көңіл айтамыз.
Ұйым бүкіл Дағыстан халқымен бірге және,ю орны толмас қазаның қайғысына ортақтасады. Біз лаңкестердің әрекетін және дінаралық араздықты қоздыруға бағытталған кез келген әрекетті қатаң айыптаймыз", - делінген Тасмағамбетовтың Дағыстан басшысы Сергей Меликовке жолдаған мәлімдемесінде.
Бұған дейін ҰҚШҰ елдерінің сыртқы істер министрлері Таяу Шығыстағы бейбіт тұрғындардың жаппай көз жұмуын айыптаған болатын.