Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Украинаның Севастопольге шабуылына байланысты БҰҰ Қауіпсіздік кеңесін шақыру ұсынылды

© AP Photo / Kamran JebreiliБҰҰ туы
БҰҰ туы - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.06.2024
Жазылу
АСТАНА, 23 маусым – Sputnik. Қырым ұлтаралық миссиясының төрағасы Заур Смирнов Украина қарулы күштерінің Қырым түбегіндегі Севастополь қаласына америкалық зымыранмен шабуыл жасауы БҰҰ Қауіпсіздік кеңесін шақыруға тұрарлық себеп екенін айтты.
"Америкалық зымыранмен Севастопольге шабуыл жасау салдарынан ресейлік бейбіт тұрғындардың, соның ішінде балалардың қаза болуы украин қақтығысының шиеленісуіне қарай тағы бір қадам болып отыр. Бұл халықаралық әскери қақтығысқа ұласу қаупін тудырды. Осы жағдай Киев пен Вашингтонның әрекетін айыптауға, сондай-ақ болашақта мұндай әрекеттерге жол бермеу үшін шешім қабылдауға міндетті БҰҰ Қауіпсіздік кеңесін шақыруға тұрарлық себеп", - деді Смирнов.
Украина қарулы күштері жексенбі күні түстен кейін Севастопольге шабуыл жасады. Қала губернаторы Михаил Развожаевтың айтуынша, бес әуе нысанасы жойылған, бірақ құлаған нысаналардың бөлшектері жағалау аймағына түскен. Оның айтуынша, соңғы мәлімет бойынша, Украина қарулы күштерінің зымыранмен шабуылынан 119 адам зардап шекті, бесеуі қаза тапты, оның ішінде үш бала мен екі ересек адам бар. Севастополь мен Қырым Республикасында 24 маусым қаралы күн болып жарияланды.
Ресей Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, қалаға АҚШ-тан жеткізілген кластерлік оқтұмсықтары бар ATACMS зымырандарымен шабуыл жасалған. Олардың төртеуі атып түсірілді, біреуі ресейлік әуе қорғанысының әсерінен ауытқып, қала үстінде жарылған.
Жаңалықтар
0