Үкімет зейнетақы табысына 10% салық салуды алып тастауды ұсынды: шешімді кім қабылдайды

© Пресс-служба правительства КазахстанаНурлан Байбазаров
Нурлан Байбазаров - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.06.2024
Жазылу
АСТАНА, 23 маусым – Sputnik. Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров ҚҚС қайтару процесін автоматтандыру жоспары және зейнетақы табысына 10% мөлшерінде жеке табыс салығын салуды алып тастау жөніндегі ұсыныс туралы мәлімет берді, деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.
Оның айтуынша соңғы шешімді парламент пен мемлекет басшысы қабылдайды.
"Бұл шаралар Қазақстанда экономикалық өсімге және бизнестің дамуына ықпал ететін неғұрлым қолайлы салықтық ортаны құруға бағытталған", - деді Байбазаров.
Сондай-ақ премьер-министрдің орынбасары Салық кодексіндегі жоспарланған өзгерістер туралы айтты.
"Негізгі бағыттардың бірі ынталандыру және қолдау шараларын, сондай-ақ процестерді толық цифрландыруды қамтитын, сервистік модельге көшумен салықтық әкімшілендіруді жетілдіру болады. Біз бизнесті ашқаннан бастап сүйемелдеу үшін жазалау шараларынан консультативті және қолдау шараларына көшуіміз керек", — деп атап өтті вице-премьер.
Экономиканы, инвестицияларды және бизнесті ынталандыру үшін Салық кодексінде негізгі инвестициялық преференциялар сақталады, сондай-ақ шетелдік және ішкі инвестицияларды тартудың жаңа шаралары ұсынылады.
Арнайы салық режимдерін өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, шағын бизнес және шаруалар үшін жеңілдету ұсынылады. Бюджет кірістерін арттыру үшін корпоративтік табыс салығы бойынша сараланған тәсіл ұсынылды.
"Біз жоғары маржиналдық қаржы операциялары мен ойын бизнесінде КТС арттыруды, бірақ нақты сектор үшін қолданыстағы мөлшерлемені сақтауды ұсынамыз. Өңдеу өнеркәсібіндегі жоғары қайта өңдеуге инвестициялар салу кезінде КТС екі есеге – 10%-ға дейін қысқартылады", — деді вице-премьер.
Жаңалықтар
0