https://sputnik.kz/20240624/ukimet-ekonomikany-osiru-ushin-96-trln-tenge-investitsiya-salady-45160937.html
Үкімет экономиканы өсіру үшін 9,6 трлн теңге инвестиция салады
Үкімет экономиканы өсіру үшін 9,6 трлн теңге инвестиция салады
Sputnik Қазақстан
Оның 7 трлн теңгесі бюджеттен тыс инвестиция көздерінен тартылады 24.06.2024, Sputnik Қазақстан
2024-06-24T08:45+0500
2024-06-24T08:45+0500
2024-06-24T08:45+0500
инвестиция
https://sputnik.kz/img/1281/12/12811218_90:0:3354:1836_1920x0_80_0_0_77b28d6e8451d3ecc8f7359776f60c4b.jpg
АСТАНА, 24 маусым – Sputnik. Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров экономикадағы өсімді қамтамасыз ету үшін 9,6 трлн теңге инвестиция жасау жоспарланып отырғанын айтты, деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.Бұл сомаға бюджетте қарастырылған бюджеттік инвестициялар және бюджеттен тыс инвестиция көздері кіреді.Халықаралық қаржы ұйымдарымен де маңызды жұмыс жүргізіліп жатыр, жобаларға ұзақ жеңілдікті қаржыландыру көздері тартылуда. Сондай-ақ отандық және шетелдік инвесторлардың жеке инвестициялары маңызды рөл атқарады.
https://sputnik.kz/20230609/balmuzdaqtyn-qay-turi-agzaga-asa-qauipti-dariger-35785733.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1281/12/12811218_498:0:2946:1836_1920x0_80_0_0_383a2b63eee2b14fea17a76b7431065d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
инвестиция
Үкімет экономиканы өсіру үшін 9,6 трлн теңге инвестиция салады
Оның 7 трлн теңгесі бюджеттен тыс инвестиция көздерінен тартылады
АСТАНА, 24 маусым – Sputnik. Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров экономикадағы өсімді қамтамасыз ету үшін 9,6 трлн теңге инвестиция жасау жоспарланып отырғанын айтты, деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.
Бұл сомаға бюджетте қарастырылған бюджеттік инвестициялар және бюджеттен тыс инвестиция көздері кіреді.
"Оның 7 трлн теңге көлеміндегі негізгі бөлігі бюджеттен тыс инвестиция көздерінен алынады. Біріншіден, бұл біздің ұлттық холдингтеріміздің қаражаты. "Самұрық-Қазына" мен "Бәйтеректің" барлық еркін өтімділігі осы өсу бағдарламасына бағытталған. Екінші көзі — ішкі және сыртқы капитал нарығы. Біз қазір ішкі ресурстарды белсенді түрде тартып жатырмыз. Бұл екінші деңгейлі банктер мен басқа да институционалдық ішкі инвесторлардың қаражаты", — деп атап өтті Нұрлан Байбазаров.
Халықаралық қаржы ұйымдарымен де маңызды жұмыс жүргізіліп жатыр, жобаларға ұзақ жеңілдікті қаржыландыру көздері тартылуда. Сондай-ақ отандық және шетелдік инвесторлардың жеке инвестициялары маңызды рөл атқарады.