https://sputnik.kz/20240624/soltustik-aralga-11-mlrd-tekshe-metr-su-keldi-45162859.html
Солтүстік Аралға 1,1 млрд текше метр су келді
Солтүстік Аралға 1,1 млрд текше метр су келді
Sputnik Қазақстан
Осылайша бүгінде Солтүстік Аралдағы су көлемі 21,4 млрд текше метрге жетті 24.06.2024, Sputnik Қазақстан
2024-06-24T10:43+0500
2024-06-24T10:43+0500
2024-06-24T10:43+0500
арал теңізі
https://sputnik.kz/img/old/984/52/9845244_0:152:3103:1897_1920x0_80_0_0_2e1a71eba2e8d145e812ed8f4a8ef289.jpg
АСТАНА, 24 маусым – Sputnik. Солтүстік Аралдың суы тағы бір миллиард текше метрге көбейді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан су ресурстары және ирригация министрлігіне сілтеме жасап.Биыл жарты жылдың ішінде Солтүстік Арал теңізіне 1,1 млрд текше метр су келді. Осылайша бүгінде Солтүстік Аралдағы су көлемі 21,4 млрд текше метрге жетті.Солтүстік Аралды оңтүстіктен Көкарал бөгеті бөліп тұр. Осы құрылыс нысаны Солтүстік Аралда су деңгейін көтеруге мүмкіндік берді. Бөгет пайдалануға берілгеннен кейін Сырдария өзенінен Солтүстік Арал теңізіне 46,6 млрд текше метр су келді. Ал соңғы 7 жылда теңізге 13,3 млрд текше метр су құйылды. Соңғы жылдары Солтүстік Аралдың су көлемі азайды. Алайда 2024 жылдың басынан бастап деңгейі қайта көтеріле бастады.Айта кетері, Сырдария өзені ағынының 75%–ы Қырғызстанда, 20%–ы Өзбекстанда және 5%-ы Қазақстанда қалыптасады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/old/984/52/9845244_185:0:2916:2048_1920x0_80_0_0_05f81223eed2716f478874317069c79a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
арал теңізі
Солтүстік Аралға 1,1 млрд текше метр су келді
Осылайша бүгінде Солтүстік Аралдағы су көлемі 21,4 млрд текше метрге жетті
АСТАНА, 24 маусым – Sputnik. Солтүстік Аралдың суы тағы бір миллиард текше метрге көбейді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан су ресурстары және ирригация министрлігіне сілтеме жасап.
Биыл жарты жылдың ішінде Солтүстік Арал теңізіне 1,1 млрд текше метр су келді. Осылайша бүгінде Солтүстік Аралдағы су көлемі 21,4 млрд текше метрге жетті.
"Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан кіретін Мемлекетаралық су шаруашылығы комиссиясының 86-шы отырысында тараптар суару маусымында Солтүстік Аралға ағын секундына кемінде 30 текше метр болады және 997 млн текше метр су жіберіледі деп келісті. Қазір теңізге секундына 50 текше метр су келеді. Бір жыл бұрын ағын секундына 6 текше метр болған", - дейді министрлік мамандары.
Солтүстік Аралды оңтүстіктен Көкарал бөгеті бөліп тұр. Осы құрылыс нысаны Солтүстік Аралда су деңгейін көтеруге мүмкіндік берді. Бөгет пайдалануға берілгеннен кейін Сырдария өзенінен Солтүстік Арал теңізіне 46,6 млрд текше метр су келді. Ал соңғы 7 жылда теңізге 13,3 млрд текше метр су құйылды. Соңғы жылдары Солтүстік Аралдың су көлемі азайды. Алайда 2024 жылдың басынан бастап деңгейі қайта көтеріле бастады.
Айта кетері, Сырдария өзені ағынының 75%–ы Қырғызстанда, 20%–ы Өзбекстанда және 5%-ы Қазақстанда қалыптасады.