Ресей елшілігі Лондондағы кибершабуылға Ресейдің қатысы бар екенін жоққа шығарды

© AFP 2024 / Daniel LEAL-OLIVASҰлыбритания парламентінің ғимараты
Ұлыбритания парламентінің ғимараты - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.06.2024
Жазылу
АСТАНА, 24 маусым - Sputnik. Ресейдің Лондондағы елшілігі британдық БАҚ-тың Лондондағы бірнеше аурухананың жұмысына кедергі келтірген ірі кибершабуылға ресейлік хакерлердің қатысы бар деген ақпаратын жалған және негізсіз деп атады. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.
Маусым айының басынан бері Лондонның бірқатар ауруханаларындағы жүздеген операция мен ем-шара кибершабуыл салдарынан кейінге қалдырылды немесе басқа медициналық мекемелерге ауыстырылды. Кейінірек хакерлер болжам бойынша кибершабуыл кезінде ұрланған деректерді желіде жариялағаны белгілі болды. Бұл тараған деректер 300 миллион науқасқа қатысты екені айтылды. Британдық бұқаралық ақпарат құралдары шабуыл жасаған Qilin кибертобының Ресеймен байланысы бар деп хабарлады.
"Жақында британдық БАҚ-та киберкеңістікте әрекет ететін қылмыскерлерді Ресеймен байланыстыруға әрекеттенген ақпараттары жалған және негізсіз", - делінген Ресей дипломатиялық миссиясының Telegram-арнасында жарияланған түсініктемеде.
Елшілікте хабарлағандай, үнемі кибершабуылдардың құрбаны болып келе жатқан Ресей бүкіл әлем бойынша құқық қорғау органдарының киберқылмысқа қарсы күрес бойынша шараларын қолдайды. Дипломатиялық миссиядағылар БҰҰ жанынан киберқылмыспен күресудің әмбебап механизмін құруды ұсынған бірінші ел Ресей Федерациясы екенін еске салды.
Жаңалықтар
0