Инфрақұрылымдық жобаларға 2,6 трлн теңге бөлінеді

© Sputnik/Ертай СарбасовНа претензии жителей о перекрытии улиц и серьезных пробках ответили в акимате Алматы
На претензии жителей о перекрытии улиц и серьезных пробках ответили в акимате Алматы - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.06.2024
Жазылу
Ақшаның негізгі бөлігі бюджеттен тыс қаржыландыру көздерінен алынады
АСТАНА, 24 маусым – Sputnik. Үкімет инфрақұрылым жобаларына 2,6 трлн теңге бөледі. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров Primeminister.kz-ке берген сұхбатында айтты.
"Бұл қаржы халыққа арналған тұрғын үйлер мен жолдар салу, жаңа жеңілдетілген ипотекалық бағдарламаларды іске қосу, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту және газдандыруға жұмсалады. 2,6 трлн теңге инвестиция бөлеміз. Негізінен ақша бюджеттен тыс қаржыландыру көздерінен алынады", — деп атап өтті Нұрлан Байбазаров.
195 млрд теңге көлеміндегі қаражат есебінен 300 мыңнан астам адам тұратын 87 елді мекенді газдандыру көзделген.
Биыл "Отбасы банк" желісі бойынша инвестиция көлемі 450 млрд теңгені құрайтын "Отау" және "Наурыз" жаңа ипотекалық бағдарламалары іске қосылды.
Сондай-ақ 12 мың шақырым жолды жөндеу және салу, 6,5 мың коммуналдық желіні жаңғырту және 55 жылу көзін ретке келтіру қажет.
"Шілдеден бастап Қазақстанның Даму банкі коммуналдық қызметтер мен табиғи монополиялар субъектілері үшін теңгемен қаржыландыруды ұсыну жаңа бағдарламасын іске қосады. Бұл осы саладағы күрделі шығындарды қаржыландыруға қатысты. Біз алғашқы 5 жыл ішінде кемінде 300 млрд теңге бөлуді жоспарлап отырмыз", — деді вице-премьер.
Жаңалықтар
0