https://sputnik.kz/20240624/germaniya-euroodaqtyn-reseyge-qatan-sanktsiyalar-engizuine-zhol-bermedi---baq-45176899.html
Германия Еуроодақтың Ресейге қатаң санкциялар енгізуіне жол бермеді - БАҚ
Германия Еуроодақтың Ресейге қатаң санкциялар енгізуіне жол бермеді - БАҚ
Sputnik Қазақстан
Еуроодақ санкцияға ұшыраған тауарлары Ресей нарығында табылып жатқан еуропалық компаниялар үшін жауапкершілік енгізгісі келді 24.06.2024, Sputnik Қазақстан
2024-06-24T15:34+0500
2024-06-24T15:34+0500
2024-06-24T15:35+0500
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
германия
украина
https://sputnik.kz/img/802/24/8022437_0:181:1920:1261_1920x0_80_0_0_d325e3217e0e907e25acade3de7607b3.jpg
АСТАНА, 24 маусым – Sputnik. Балтық елдері Германияны Ресейге қарсы тым жеңіл санкциялар үшін сынға алды, деп хабарлайды n-tv. Бұл туралы РИА Новости жазды."Литва сыртқы істер министрі Габриэлюс Ландсбергис "өкінішке қарай, санкциялар жоспарланғаннан әлсіз болып шыққанын" мәлімдеді , - делінген мақалада.Эстонияның сыртқы істер министрі Маргус Цахкна Еуроодақта жаңа шектеу шаралары бойынша келісімге келу қиындап бара жатқанын айтты. Басылым жазғандай, бұған дейін Еуропада бұл мәселеде Венгрия кедергі болса, енді Германия үкіметі Еуроодақтың жолын кесті. Осылайша, Еуроодақ санкцияға ұшыраған тауарлары Ресей нарығында табылып жатқан еуропалық компаниялар үшін жауапкершілік енгізгісі келді. Алайда Берлин бұл шаралар Ресейден гөрі Еуроодақтың ең ірі экспорттаушы ретінде Германияға көбірек зиян келтіреді деп қарсылық білдірді. Нәтижесінде, компаниялар қолданыстағы санкцияларды бұзбау үшін "бар күш-жігерін салу керек" деген шешім қабылданды деп жазылған материалда.Санкциялардың 14-ші пакетінде Еуроодақ Ресейге қарсы жеке шектеулерді кеңейтіп, олар 116 жеке тұлға мен ұйымды қамтыды, деп көрсетілген Еуропалық Одақ Кеңесінің кең тараған мәлімдемесінде. Сондай-ақ Қытай, Қазақстан, Қырғызстан, Түркия және БАӘ компаниялары Мәскеуге қарсы шектеулерді айналып өтті деген айыппен санкцияларға ұшырағанын хабарлады.
германия
украина
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/802/24/8022437_0:1:1920:1441_1920x0_80_0_0_4ef346aeb7c70d3103a1e95ac8ecb745.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
германия, украина
Германия Еуроодақтың Ресейге қатаң санкциялар енгізуіне жол бермеді - БАҚ
15:34 24.06.2024 (жаңартылды: 15:35 24.06.2024) Еуроодақ санкцияға ұшыраған тауарлары Ресей нарығында табылып жатқан еуропалық компаниялар үшін жауапкершілік енгізгісі келді
АСТАНА, 24 маусым – Sputnik. Балтық елдері Германияны Ресейге қарсы тым жеңіл санкциялар үшін сынға алды, деп хабарлайды n-tv. Бұл туралы РИА Новости жазды.
"Литва сыртқы істер министрі Габриэлюс Ландсбергис "өкінішке қарай, санкциялар жоспарланғаннан әлсіз болып шыққанын" мәлімдеді , - делінген мақалада.
Эстонияның сыртқы істер министрі Маргус Цахкна Еуроодақта жаңа шектеу шаралары бойынша келісімге келу қиындап бара жатқанын айтты. Басылым жазғандай, бұған дейін Еуропада бұл мәселеде Венгрия кедергі болса, енді Германия үкіметі Еуроодақтың жолын кесті.
Осылайша, Еуроодақ санкцияға ұшыраған тауарлары Ресей нарығында табылып жатқан еуропалық компаниялар үшін жауапкершілік енгізгісі келді. Алайда Берлин бұл шаралар Ресейден гөрі Еуроодақтың ең ірі экспорттаушы ретінде Германияға көбірек зиян келтіреді деп қарсылық білдірді. Нәтижесінде, компаниялар қолданыстағы санкцияларды бұзбау үшін "бар күш-жігерін салу керек" деген шешім қабылданды деп жазылған материалда.
Санкциялардың 14-ші пакетінде Еуроодақ Ресейге қарсы жеке шектеулерді кеңейтіп, олар 116 жеке тұлға мен ұйымды қамтыды, деп көрсетілген Еуропалық Одақ Кеңесінің кең тараған мәлімдемесінде. Сондай-ақ Қытай, Қазақстан, Қырғызстан, Түркия және БАӘ компаниялары Мәскеуге қарсы шектеулерді айналып өтті деген айыппен санкцияларға ұшырағанын хабарлады.