Бізді таниды, бірақ оның жағдайы әлі ауыр – комаға түскен сарбаздың әкесі

© Sputnik / Абзал КалиевКапельница
Капельница - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.06.2024
Жазылу
Отарға әскерге шақырылған сарбаз екі апта ес-түссіз жатты, оқиғаны тергеуді министр бақылауына алды
АСТАНА, 24 маусым – Sputnik. Отарда комаға түскен сарбаздың әкесі дәрігерлерге, сондай-ақ жағдайды қадағалап отырған жанашыр азаматтарға алғысын білдірді.
"Дәрігерлер қолдан келгеннің бәрін жасады, осы үшін оларға жеке алғыс айтамыз", - деді ол видео үндеуде.
"Біздің ұлымыз комадан шыққаны туралы қуанышты хабарды жеткізуге асығып отырмыз. Ол бізді таниды, бірақ оның жағдайы әлі ауыр", - деді Тимур Жаналин.
Оның айтуынша, дәрігерлер диализ жүргізіп жатқанда, сарбаз күніне 8 сағатын дәрі-дәрмек арқылы ұйқыда өткізуге тура келеді.
Президент Тоқаев Отарда комаға түскен сарбаздың жағдайынан хабардар болды. Ол Қорғаныс министрлігі басшылығынан тексеру жүргізіп, кінәлілерді жазалауды талап етті.
Касым-Жомарт Токаев провел совещание по развитию туризма - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.06.2024
"Мұндай жағдайға жол бермеу қажет": Тоқаев қорғаныс министріне ескерту жасады
Жаңалықтар
0