Аударыспақтан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы бірінші орынды иеленді

© Photo : Ұлттық спорт қауымдастығының баспасөз қызметіАударыспақтан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы бірінші орынды иеленді
Аударыспақтан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы бірінші орынды иеленді - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.06.2024
Жазылу
Екінші орын Қырғызстан, үшінші орын Татарстанның ұлттық құрамасына бұйырды
АСТАНА, 24 маусым – Sputnik. Қазан қаласында өткен аударыспақтан 3-ші әлем чемпионатында Қазақстан ұлттық құрамасының спортшылары үздік атанды, деп хабарлады Ұлттық спорт қауымдастығының баспасөз қызметі.
21-22 маусым күндері өткен бұл чемпионатқа әлемнің 6 елінен 8 құрама команда қатысты. Атап айтар болсақ Моңғолия, Татарстан, Өзбекстан, Ресей, Қырғызстан, Башқұртстан, Түрікменстан мен Қазақстаннан барлығы 45-ке жуық спортшы жүлделерді сарапқа салды.
"Қазақстанның намысын Азамат Серғазин, Шыңғысхан Ержанов, Дарын Өткелбай, Алтай Сүйеубаев, Төлеби Қайыржанов, Арман Сағынбаев сынды спортшылар қорғады", - деп жазылған хабарламада.
60 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Азамат Серғазин, 80 келіде Дарын Өткелбай, 90 келі салмақ дәрежесі бойынша Алтай Сүйеубаев, 100-ден жоғары салмақта Арман Сағынбаев қарсылас шақ келтірмей алтыннан алқа тақты.
Ал 70 келіде бақ сынаған Шыңғысхан Ержанов қола жүлде иеленсе, 100 келіде белдескен Төлеби Қайыржанов күміс жүлдені еншіледі.
"Бұл "Ат үстіндегі күреш", ер-тоқымсыз ат үстіндегі күрес әлем чемпионаты ретінде үшінші рет жалауын көтеріп жатыр. Ұлттық құрама жігіттері жалпы керемет көрсеткіш көрсете білді. Бұл әрине, тұрақты дайындықтың арқасы. Барша Қазақ елін жеңіспен құттықтаймын!", - деді аударыспақ спортынан ұлттық құрама бапкері Жанбатыр Бекмұсаев
Осылайша, 8 құраманың арасынан топ жарған Қазақстан 4 алтын, 1 күміс, 1 қола медаль иеленіп, командалық есеп бойынша бірінші орын алды.
Екінші орын Қырғызстан, үшінші орын Татарстанның ұлттық құрамасына бұйырды.
Жаңалықтар
0