Астана-Алматы жолының құрылыс сапасын кореялық компаниялар бақылауға алды

© Sputnik / Александр МирогловАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.06.2024
Жазылу
Министр құрылысқа жауапты мердігер ұйымдардың өкілдерімен кездесу өткізіп жатыр
АСТАНА, 24 маусым – Sputnik. Республикалық маңызы бар Астана-Алматы күре жолының құрылысы аяқталуға жақын, деп хабарлады Көлік министрлігі.
Құрылыс жұмыстары аясында Қарағанды-Балқаш, Балқаш-Бұрылбайтал, Бұрылбайтал-Күрті және Шамалған станциясының айналма жолы жобалары жүзеге асып жатыр. Бұл жолдың жалпы ұзындығы – 946 шақырым.
Өткен аптаның соңынан бері көлік министрі Марат Қарабаев құрылыс жұмыстары жүріп жатқан жол учаскелерінде жүр. Министр құрылысқа жауапты мердігер ұйымдардың өкілдерімен де кездесуде.
"Астана мен Алматы арасындағы жолдың құрылыс сапасын кореялық Dongsung Engineering және ISAN Corporation компаниялары бақылауға алды. Компания инженерлері техникалық қадағалауды жүргізіп, үнемі құрылыс басында", - деп жазылған хабарламада.
Көлік министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті атап өткендей, учаскелердің бір бөлігі жаздың ортасынан бастап қолданысқа берілсе, қалған бөлігі 2024 жылдың соңына дейін халық игілігіне тапсырылады.
Мәселен, жалпы ұзындығы 363 шақырымды құрайтын Қарағанды-Балқаш күре жолының бойында айналма жолдар мүлдем қалған жоқ. Жоба аясында 11 көпір, ауыл шаруашылығы техникасының өтуі үшін арналған 32 жол өтпесі, көлік айрығы және темір жол арқылы өтетін жол өтпесінің құрылысы толық аяқталды, қазір абаттандыру жұмыстары жүргізілуде.
Сондай-ақ жолшылар асфальттың жоғарғы қабатын төсеп, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін арнайы тосқауыл қоршауларын орнатуда. Нысанды 2024 жылдың қазан айында пайдалануға беру көзделіп отыр.
"Былтыр мамандар Балқаш-Бұрылбайтал күре жолының жалпы ұзындығы 127 шақырымды құрайтын 3 учаскесін пайдалануға тапсырды. Биыл қалған 3 учаске қолданысқа беріледі", - деп жазылған хабарламада.
Жалпы ұзындығы 81 шақырымды құрайтын Күрті-Бұрылбайтал жолы биыл жазда тапсырылады. Қазір мамандар жол бойында абаттандыру жұмыстарын жүргізуде. Сонымен қатар биыл жазда Шамалған бекетінің айналма жолы да қолданысқа берілмек.
Жоғарыда аталған жол учаскелері I-б техникалық санатына сәйкес төрт жолақты болады.
Жаңалықтар
0