Әлемдегі шиеленістің күшеюі жағдайында ҰҚШҰ кеңеюі мүмкін - Бас хатшы

© Sputnik/Ертай СарбасовЗаседание Совета министров обороны ОДКБ в Алматы
Заседание Совета министров обороны ОДКБ в Алматы  - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.06.2024
Жазылу
АСТАНА, 24 маусым – Sputnik. ҰҚШҰ әлемдегі шиеленістің күшеюі аясында кеңеюі мүмкін, деп мәлімдеді ұйымның бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетов ТАСС агенттігіне берген сұхбатында.
Сондай-ақ ол ҰҚШҰ-ның функциялары да кеңеюі мүмкін екенін атап өтті.
2002 жылы құрылған Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына Ресей, Қазақстан, Беларусь, Қырғызстан, Тәжікстан және Армения кіреді. Соңғысы ақпан айында қатысуын тоқтататынын мәлімдеді.
Бұған дейін Алматыда Иманғали Тасмағамбетов пен Ұйымның Тұрақты кеңесінің мүшелері Қорғаныс министрлері кеңесінің, Парламенттік ассамблея Кеңесінің, Қауіпсіздік кеңестері хатшылары комитетінің және Сыртқы істер министрлері кеңесінің өткен отырыстарының қорытындыларын шығарды.
Кездесулер барысында қабылданған құжаттардың, оның ішінде "Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының тәжік-ауған шекарасын нығайту жөніндегі мақсатты мемлекетаралық бағдарламасы туралы" ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесі шешімінің жобасы мен парламентшілер мен сыртқы істер министрлерінің мәлімдемелерінің маңыздылығы аталып өтті.
Жаңалықтар
0