Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Трамп Украинадағы қақтығысты шешудің мерзімін атады

© AP Photo / Alex BrandonДональд Трамп
Дональд Трамп - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.06.2024
Жазылу
АҚШ-та президент сайлауы 2024 жылдың 5 қарашасына белгіленген және президентті ұлықтау рәсімі 2025 жылдың 20 қаңтарында өтеді деп жоспарланған
АСТАНА, 23 маусым - Sputnik. АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп Филадельфиядағы митингіде егер сайлауда жеңіске жетсе, Украинадағы қақтығысты инаугурацияға дейін де тоқтататынын айтты. Оның сөз сөйлеген сәтін YouTube желісіндегі Times Now порталы көрсетті, деп хабарлады РИА Новости.
"Біз президент сайлауында жеңіске жетіп, сопақша кабинетке кіргенге дейін Ресей мен Украина арасындағы осы қорқынышты қақтығысты тоқтатамын", - деп уәде берді саясаткер.
Трамп бұған дейін сайлауда жеңіске жететін болса, Ресей мен Украина арасындағы қақтығысты небәрі 24 сағатта шеше алатынын бірнеше рет айтқан болатын. Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков бұл сөздерге түсініктеме бере отырып, мұндай оңай шешім үшін мәселенің тым күрделі екенін айтты.
Ресей президенті Владимир Путин Трамптың "өзекті мәселелерді, соның ішінде Украина дағдарысын бірнеше күнде шешуге" дайын екенін оң бағалады. Ресей басшысының айтуынша, "бұл қуантатындай жағдай". Сонымен бірге ол АҚШ-тағы сайлаудың қандай да бір нәтижесі АҚШ-Ресей қарым-қатынасына әсер ететініне күмән келтірді.
АҚШ-та президент сайлауы 5 қарашаға белгіленген. Трамптың басты бәсекелесі қазіргі мемлекет басшысы Джо Байден болмақ. Президентті ұлықтау рәсімі 2025 жылдың 20 қаңтарында өтеді деп жоспарланған.
Дональд Трамп - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.02.2024
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Трамп қайта сайланса, Украинаны келіссөз жүргізуге итермелейді – шетелдік БАҚ
Жаңалықтар
0