Төрт жүзден астам колледжге кәсіпорындар қолдау көрсетіп жатыр

© Sputnik / Владислав ВодневАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.06.2024
Жазылу
104 мыңнан астам студент кәсіби практикадан, 4 мыңнан астам педагог кәсіпорындар базасында тағылымдамадан өтті
АСТАНА, 23 маусым – Sputnik. Қазіргі уақытта 518 кәсіпорын 410 колледжге қамқорлық жасап, қамқоршылық кеңестер мен салалық кеңестер арқылы колледждерді басқаруға қатысып келеді, деп хабарлады Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.
104 мыңнан астам студент кәсіби практикадан, 4 мыңнан астам педагог кәсіпорындар базасында тағылымдамадан өтті.
"Колледждер қамқорлық көрсететін кәсіпорындардың қатысуымен 4 мыңнан астам білім беру бағдарламасын жаңартты. Биыл мақсатты тапсырыс бойынша жұмысқа орналастыру міндеттемесімен тағы 10 мың студент қабылданады", - дейді Техникалық және кәсіптік білім департаментінің директоры Әсет Мұханбетов.
Сонымен қатар дуальды оқытуды өңірлерде тарату жалғасуда. Биыл еліміздегі 9 мың кәсіпорында дуальды оқыту аясында 91 мыңнан астам колледж студенті өндірістік тәжірибеден өтіп жатыр.
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.04.2024
Білім
Биыл колледж студенттері үшін 11 жатақхана салынады
Жаңалықтар
0