https://sputnik.kz/20240623/qaragandy--balqash-tas-zholyn-rekonstruktsiyalau-zhyl-sonyna-deyin-ayaqtalady--45153039.html
"Қарағанды – Балқаш" тас жолын реконструкциялау жыл соңына дейін аяқталады
"Қарағанды – Балқаш" тас жолын реконструкциялау жыл соңына дейін аяқталады
Sputnik Қазақстан
Ауыл шаруашылығы техникасының өтуі үшін 32 жол өтпесі және 11 көпір салынып, қолданыстағы инженерлік коммуникация желілері қайтадан жүргізілді 23.06.2024, Sputnik Қазақстан
2024-06-23T08:58+0500
2024-06-23T08:58+0500
2024-06-23T09:02+0500
қазавтожол
қарағанды
https://sputnik.kz/img/07e8/06/16/45151941_0:0:2000:1125_1920x0_80_0_0_bb37b628f38e0c115886ce41e3a37efa.jpg
АСТАНА, 23 маусым – Sputnik. Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Қарағанды облысына жұмыс сапары барысында ұзындығы 363 шақырымды құрайтын "Қарағанды-Балқаш" автожолын қайта жаңғырту жұмыстарының барысымен танысты, деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.Қазіргі сәтте мердігер компания жол жабынының жоғарғы қабатын төсеп жатыр."ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ Қарағанды облыстық филиалының директоры Ерлан Жұмағұлов автожолдың тұтас бойында айналып өтетін жер жоқ екенін және көлік қозғалысы қалыпты жағдайда жүріп жатқанын баяндады."Жұмабек, Ақсу, Ақшатау, Ақсу-Аюлы елді мекендері мен Балқаш қаласы үшін бес айналма жол салынды. Мердігер Балқаш қаласының іргесіндегі теміржол арқылы өтетін өткел мен жол айрығы құрылысын аяқтады", - деп жазылған хабарламада.Сонымен қатар "ҚазАвтоЖол" ауыл шаруашылығы техникасының өтуі үшін 32 жол өтпесі және 11 көпір салып, қолданыстағы инженерлік коммуникация желілері қайтадан жүргізді."ҚазАвтоЖол" тосқауыл қоршаулар орнатылып, қардан қорғайтын қоршаулар мен мал өткізбейтін қоршаулар салынғанын хабарлады."Демалыс алаңдарын жасау бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. 18 демалыс алаңының ішінде модульдік үлгідегі 8 санитарлық-гигиеналық торап бар. Аялдап отыратын арнайы орындар мен автокөліктерді жөндеуге арналған эстакадалар қарастырылған", - деп жазылған хабарламада.Роман Скляр "Қарағанды–Балқаш" автожолының "Орталық–Оңтүстік" көлік дәлізін дамыту үшін маңызы зор екенін айтып, жол-құрылыс жұмыстарының қарқынын төмендетпеуді және жолды реконструциялауды жыл соңына дейін аяқтауды тапсырды.Сондай-ақ жұмыс сапары барысында бірінші вице-премьер Балқаш қаласында жылыту маусымына дайындықты тексерді. Ол жылу желілері мен қалалық ЖЭО-ның қайта жаңартылатын учаскелерімен танысты.
https://sputnik.kz/20240621/zeynetaqy-zhinaqtary-zhylu-elektr-stantsiyalaryn-saluga-zhumsala-ma---ukimet-zhauap-berdi-45093360.html
қарағанды
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/06/16/45151941_250:0:1750:1125_1920x0_80_0_0_03da1e87f4789a065b829f186be18024.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қазавтожол, қарағанды
"Қарағанды – Балқаш" тас жолын реконструкциялау жыл соңына дейін аяқталады
08:58 23.06.2024 (жаңартылды: 09:02 23.06.2024) Ауыл шаруашылығы техникасының өтуі үшін 32 жол өтпесі және 11 көпір салынып, қолданыстағы инженерлік коммуникация желілері қайтадан жүргізілді
АСТАНА, 23 маусым – Sputnik. Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Қарағанды облысына жұмыс сапары барысында ұзындығы 363 шақырымды құрайтын "Қарағанды-Балқаш" автожолын қайта жаңғырту жұмыстарының барысымен танысты, деп хабарлады
үкіметтің баспасөз қызметі.
Қазіргі сәтте мердігер компания жол жабынының жоғарғы қабатын төсеп жатыр.
"ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ Қарағанды облыстық филиалының директоры Ерлан Жұмағұлов автожолдың тұтас бойында айналып өтетін жер жоқ екенін және көлік қозғалысы қалыпты жағдайда жүріп жатқанын баяндады.
"Жұмабек, Ақсу, Ақшатау, Ақсу-Аюлы елді мекендері мен Балқаш қаласы үшін бес айналма жол салынды. Мердігер Балқаш қаласының іргесіндегі теміржол арқылы өтетін өткел мен жол айрығы құрылысын аяқтады", - деп жазылған хабарламада.
Сонымен қатар "ҚазАвтоЖол" ауыл шаруашылығы техникасының өтуі үшін 32 жол өтпесі және 11 көпір салып, қолданыстағы инженерлік коммуникация желілері қайтадан жүргізді.
"ҚазАвтоЖол" тосқауыл қоршаулар орнатылып, қардан қорғайтын қоршаулар мен мал өткізбейтін қоршаулар салынғанын хабарлады.
"Демалыс алаңдарын жасау бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. 18 демалыс алаңының ішінде модульдік үлгідегі 8 санитарлық-гигиеналық торап бар. Аялдап отыратын арнайы орындар мен автокөліктерді жөндеуге арналған эстакадалар қарастырылған", - деп жазылған хабарламада.
Роман Скляр "Қарағанды–Балқаш" автожолының "Орталық–Оңтүстік" көлік дәлізін дамыту үшін маңызы зор екенін айтып, жол-құрылыс жұмыстарының қарқынын төмендетпеуді және жолды реконструциялауды жыл соңына дейін аяқтауды тапсырды.
Сондай-ақ жұмыс сапары барысында бірінші вице-премьер Балқаш қаласында жылыту маусымына дайындықты тексерді. Ол жылу желілері мен қалалық ЖЭО-ның қайта жаңартылатын учаскелерімен танысты.