https://sputnik.kz/20240623/duniezhuzilik-koshpendiler-oyyndary-yunesko-nyn-qoldauymen-otedi-45156441.html
Дүниежүзілік көшпенділер ойындары ЮНЕСКО-ның қолдауымен өтеді
Дүниежүзілік көшпенділер ойындары ЮНЕСКО-ның қолдауымен өтеді
Sputnik Қазақстан
Ойындарға кем дегенде 2 мың қатысушы келеді 23.06.2024, Sputnik Қазақстан
2024-06-23T13:58+0500
2024-06-23T13:58+0500
2024-06-23T13:59+0500
спорт
дүниежүзілік көшпенділер ойыны
астана
https://sputnik.kz/img/711/26/7112603_0:317:6017:3701_1920x0_80_0_0_135376740d07848db18a691e0cee392a.jpg
АСТАНА, 23 маусым – Sputnik. Астанадағы Дүниежүзілік көшпенділер ойындары ЮНЕСКО-ның қамқорлығымен өтеді, деп хабарлады ұйымдағылар."Ойындар ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұралар тізіміне енді", - деп хабарлады ұйымдағылар.8-13 қыркүйек аралығында Қазақстан астанасында ұлттық спорт түрлерінен ең ірі халықаралық спорт жарыстары өтеді. Оған 85 елден кем дегенде 2 мың қатысушы келеді.Бағдарламада 30 түрлі спорт жарысы, соның ішінде ат жарысы, бүркітші сайысы, күрес, садақ ату және интеллектуалдық ойындар бар.Бұған дейін Астанада V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына кері санауды бастауға арналған салтанатты шара өтті. ЭКСПО халықаралық көрме орталығында арнайы табло орнатылды.Шараға мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов, Дүниежүзілік этноспорт конфедерациясының президенті Біләл Ердоған, туризм және спорт министрі Ермек Маржықбаев, Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек, Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының президенті Исламбек Салжанов қатысты.Салтанатты шараны ашқан мәжіліс спикері Дүниежүзілік көшпенділер ойындары түркітілдес елдер үшін ғана емес, бүкіл әлем үшін айтулы жарысқа айналғанын айтты.
астана
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/711/26/7112603_330:0:5685:4016_1920x0_80_0_0_9c1f3a534bb6bb89a3360145827ea01b.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
дүниежүзілік көшпенділер ойыны, астана
дүниежүзілік көшпенділер ойыны, астана
Дүниежүзілік көшпенділер ойындары ЮНЕСКО-ның қолдауымен өтеді
13:58 23.06.2024 (жаңартылды: 13:59 23.06.2024) Ойындарға кем дегенде 2 мың қатысушы келеді
АСТАНА, 23 маусым – Sputnik. Астанадағы Дүниежүзілік көшпенділер ойындары ЮНЕСКО-ның қамқорлығымен өтеді, деп хабарлады ұйымдағылар.
"Ойындар ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұралар тізіміне енді", - деп хабарлады ұйымдағылар.
8-13 қыркүйек аралығында Қазақстан астанасында ұлттық спорт түрлерінен ең ірі халықаралық спорт жарыстары өтеді. Оған 85 елден кем дегенде 2 мың қатысушы келеді.
Бағдарламада 30 түрлі спорт жарысы, соның ішінде ат жарысы, бүркітші сайысы, күрес, садақ ату және интеллектуалдық ойындар бар.
Бұған дейін Астанада V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына кері санауды бастауға арналған салтанатты шара өтті. ЭКСПО халықаралық көрме орталығында арнайы табло орнатылды.
Шараға мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов, Дүниежүзілік этноспорт конфедерациясының президенті Біләл Ердоған, туризм және спорт министрі Ермек Маржықбаев, Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек, Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының президенті Исламбек Салжанов қатысты.
Салтанатты шараны ашқан мәжіліс спикері Дүниежүзілік көшпенділер ойындары түркітілдес елдер үшін ғана емес, бүкіл әлем үшін айтулы жарысқа айналғанын айтты.