https://sputnik.kz/20240623/almatyda-uqshu-kenesteri-otyrysynyn-qorytyndysy-shygaryldy-45158814.html
Алматыда ҰҚШҰ кеңестері отырысының қорытындысы шығарылды
Алматыда ҰҚШҰ кеңестері отырысының қорытындысы шығарылды
Sputnik Қазақстан
Алматыда ҰҚШҰ бас хатшысы мен ұйымның тұрақты кеңесі мүшелерінің көшпелі кездесуі өтті 23.06.2024, Sputnik Қазақстан
2024-06-23T19:43+0500
2024-06-23T19:43+0500
2024-06-23T19:43+0500
ұқшұ
https://sputnik.kz/img/07e8/06/15/45096325_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_6ec90d0768844a1b126431022b8e91fe.jpg
АСТАНА, 23 маусым – Sputnik. Алматыда Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының (ҰҚШҰ) бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетов пен ұйымның тұрақты кеңесінің мүшелері қорғаныс министрлері кеңесі, парламенттік ассамблея кеңесі, қауіпсіздік кеңестері хатшылары комитеті және сыртқы істер министрлері кеңесі отырыстарының қорытындысын шығарды. Бұл туралы ұйымның баспасөз қызметі хабарлады.Қатысушылар сонымен қатар тараптардың өзара қолайлы тәсілдерді табуға мүдделі екенін мәлімдеді. Қабылданған шешімдерді жүзеге асыру шаралары талқыланды.Бұған дейін Алматыда ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттер сыртқы істер министрлерінің кеңейтілген отырысы өткен болатын. Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің басшысы Мұрат Нұртілеу елміздің басым бағыттарын жүзеге асыру барысы туралы айтты. Сондай-ақ келесі отырыс 2024 жылдың қарашасында, ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясы қарсаңында Астанада өтетіні белгілі болды.Айта кетері, осы жылдың 20 сәуірінде ұйымның Ұжымдық қауіпсіздік туралы шартының күшіне енгеніне 30 жыл толды.Келісімге 1992 жылы 15 мамырда Ташкентте (Өзбекстан) Қазақстан, Ресей, Армения, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан басшылары қол қойды. Кейін оған Әзербайжан, Беларусь және Грузия қосылды (1993).
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/06/15/45096325_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_389829e3e67fb64d1dee3c034a3f7ff6.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ұқшұ
Алматыда ҰҚШҰ кеңестері отырысының қорытындысы шығарылды
Алматыда ҰҚШҰ бас хатшысы мен ұйымның тұрақты кеңесі мүшелерінің көшпелі кездесуі өтті
АСТАНА, 23 маусым – Sputnik. Алматыда Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының (ҰҚШҰ) бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетов пен ұйымның тұрақты кеңесінің мүшелері қорғаныс министрлері кеңесі, парламенттік ассамблея кеңесі, қауіпсіздік кеңестері хатшылары комитеті және сыртқы істер министрлері кеңесі отырыстарының қорытындысын шығарды. Бұл туралы ұйымның баспасөз қызметі хабарлады.
"Кездесулер барысында қабылданған құжаттардың, оның ішінде "Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының тәжік-ауған шекарасын нығайту бойынша ұжымдық қауіпсіздік жөніндегі мақсатты мемлекетаралық бағдарламасы туралы" ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесі шешімінің жобасы мен парламентшілер мен сыртқы істер министрлерінің ұжымдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша мәлімдемелерінің маңыздылығы аталып өтті", - делінген хабарламада.
Қатысушылар сонымен қатар тараптардың өзара қолайлы тәсілдерді табуға мүдделі екенін мәлімдеді. Қабылданған шешімдерді жүзеге асыру шаралары талқыланды.
Бұған дейін Алматыда ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттер сыртқы істер министрлерінің кеңейтілген отырысы өткен болатын. Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің басшысы Мұрат Нұртілеу елміздің басым бағыттарын жүзеге асыру барысы туралы айтты. Сондай-ақ келесі отырыс 2024 жылдың қарашасында, ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясы қарсаңында Астанада өтетіні белгілі болды.
Айта кетері, осы жылдың 20 сәуірінде ұйымның Ұжымдық қауіпсіздік туралы шартының күшіне енгеніне 30 жыл толды.
Келісімге 1992 жылы 15 мамырда Ташкентте (Өзбекстан) Қазақстан, Ресей, Армения, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан басшылары қол қойды. Кейін оған Әзербайжан, Беларусь және Грузия қосылды (1993).