Жамбыл облысында коммуналдық кәсіпорын басшысы мен оның орынбасары жеті жылға сотталды

© Sputnik / Тимур БатыршинНаручники, архивное фото
Наручники, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.06.2024
Жазылу
Сотталғандар жалған құжат жасау арқылы бірнеше мемлекеттік автокөлікті сатып жіберген
АСТАНА, 21 маусым – Sputnik. Жамбыл облысында "Таза-Талас" кәсіпорнының директоры мен оның орынбасары өмір бойына мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге тыйым салынып, 7 жылға сотталды, деп хабарлады облыстық прокуратураның баспасөз қызметі.
"Талас аудандық прокуратурасы "Таза-Талас" ШЖҚ МКК теңгеріміндегі көліктерді ұрлау схемасын анықтады. Кәсіпорын басшылығы жалған құжат негізінде 4 автокөлікті сатуға шығармай үшінші тұлғаларға сатып жіберген", - делінген хабарламада.
Мемлекетке келтірілген шығынның жалпы сомасы 22 миллион теңгені құрады.
Іс аясында қадағалау органы 10 миллион теңге көлеміндегі 2 көлікті қайтарып, 7 миллион теңге өндіріп алғаны хабарланды.
"Талас аудандық сотының 2024 жылдың 13 маусымындағы үкімімен "Таза-Талас" кәсіпорнының директоры мен оның орынбасары өмір бойына мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге тыйым салынып, 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды", - делінген ведомство хабарламасында.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Жаңалықтар
0