Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Украина арнайы операция басталғаннан бері электр энергиясының импортын арттырды

© Sputnik / Павел Лисицын / Медиабанкке өтуЛинии электропередач
Линии электропередач  - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.06.2024
Жазылу
АСТАНА, 21 маусым - Sputnik. Мамыр айында Украина электр энергиясының импортын алдыңғы аймен салыстырғанда 1,7 есеге – 35,1 миллион долларға дейін ұлғайтты, бұл Ресей арнайы операциясы бастағаннан бергі ең жоғары көрсеткіш, деп хабарлады РИА Новости Украинаның кеден қызметінің деректеріне сүйеніп.
Сәуірде Киев 20,5 миллион долларға электр қуатын сатып алса, өткен жылдың мамыр айында бұл көрсеткіш небәрі 5,5 миллион долларды құраған.
Мамыр айындағы импорт құны 2022 жылдың ақпанынан бергі ең жоғары көрсеткіш болды. Украина бір ғана 2022 жылдың ақпанында – 42,6 миллион долларға, 2022 жылдың қаңтарында – 40 миллион долларға, 2019 жылдың желтоқсанында – 37 миллион долларға электр энергиясын сатып алды.
Электр энергиясының негізгі жеткізушісі Венгрия болды, ол одан 10,5 миллион доллар табыс тапты. Одан кейін Румыния (9,2 миллион доллар) мен Словакия (7,1 миллион доллар) келеді. Тағы 8,3 миллион долларды құрайтын электр энергиясы басқа елдерден жеткізілді.
Жалпы, Украина биыл басқа елдерден рекордтық 109,9 миллион долларға электр энергиясын сатып алды, бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 46 пайызға артық. Негізгі жеткізушілер Словакия (28,1%), Румыния (27,1%) және Венгрия (15,5%) болды.
Жаңалықтар
0