https://sputnik.kz/20240621/sogysta-khabarsyz-ketken-bozdaqtardyn-rukhyna-duga-bagyshtalady-45118387.html
Соғыста қаза тапқан боздақтардың рухына құран бағышталады
Соғыста қаза тапқан боздақтардың рухына құран бағышталады
Sputnik Қазақстан
Ол Қазақстанның барлық облысы мен мегаполистерінде орналасқан орталық мешіттерде, православие және католик шіркеулерінде өтеді 21.06.2024, Sputnik Қазақстан
2024-06-21T20:31+0500
2024-06-21T20:31+0500
2024-06-21T21:04+0500
соғыс ардагері
құран
https://sputnik.kz/img/1384/75/13847547_0:0:2000:1125_1920x0_80_0_0_84e0e21aafa3afceededaa463fa39484.jpg
АСТАНА, 21 маусым – Sputnik. 22 маусымда "Атамның аманаты" қоғамдық ұйымы еліміздегі дін өкілдерімен бірлесіп, Екінші дүниежүзілік соғыста қаза тапқан және хабарсыз кеткен боздақтардың рухына арнап жалпықазақстандық құран бағыштау, дұға бағыштау рәсімін екінші рет өткізгелі отыр.Ол Қазақстанның барлық облысы мен мегаполистерінде орналасқан орталық мешіттерде, православие және католик шіркеулерінде өтеді. Оған хабарсыз кеткен жауынгерлердің ұрпақтары, Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің ардагерлері, ТМД және Еуропа елдерінің төтенше және өкілетті елшілері, Қазақстанның этномәдени бірлестіктерінің өкілдері қатысады."Аталған шараның мақсаты – ұрпақтар сабақтастығын жалғастыра отырып, жастарға рухани-адамгершілік, патриоттық тәрбие беру арқылы тарихи жадыны сақтауға ықпал ету", - деп жазылған хабарламада.Астана қаласы бойынша өтетін уақыты:Өңірлер бойынша өтетін уақыты:Байланыс тел: +7 702 -777 -14 -49.Айта кетері, Екінші дүниежүзілік соғысқа 1,5 миллион қазақстандық аттанып, оның 600 мыңнан астамы қаза тауып, 271 мың жауынгер хабар-ошарсыз кетті."Атамның аманаты" қоғамдық бірлестігі – Екінші дүниежүзілік соғыста із-түзсіз жоғалған қазақстандық жауынгерлердің жерленген орындарын анықтау және олардың есімдерін есте қалдыру бойынша жүйелі іздестіру жұмыстарын жүргізетін Қазақстандағы жалғыз ұйым.Ұйым құрылған 5 жыл ішінде 4 мыңға жуық жауынгердің аты-жөні мен жерленген жерін анықтады. Барлығы 9 мыңға жуық қазақстандық өздерінің ата-бабасының тағдырын анықтау жөнінде өтініш беріп, хабарласты.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1384/75/13847547_251:0:1751:1125_1920x0_80_0_0_a81c2afb3126fc930a169462c12ba17b.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
соғыс ардагері, құран
Соғыста қаза тапқан боздақтардың рухына құран бағышталады
20:31 21.06.2024 (жаңартылды: 21:04 21.06.2024) Ол Қазақстанның барлық облысы мен мегаполистерінде орналасқан орталық мешіттерде, православие және католик шіркеулерінде өтеді
АСТАНА, 21 маусым – Sputnik. 22 маусымда "Атамның аманаты" қоғамдық ұйымы еліміздегі дін өкілдерімен бірлесіп, Екінші дүниежүзілік соғыста қаза тапқан және хабарсыз кеткен боздақтардың рухына арнап жалпықазақстандық құран бағыштау, дұға бағыштау рәсімін екінші рет өткізгелі отыр.
Ол Қазақстанның барлық облысы мен мегаполистерінде орналасқан орталық мешіттерде, православие және католик шіркеулерінде өтеді. Оған хабарсыз кеткен жауынгерлердің ұрпақтары, Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің ардагерлері, ТМД және Еуропа елдерінің төтенше және өкілетті елшілері, Қазақстанның этномәдени бірлестіктерінің өкілдері қатысады.
"Аталған шараның мақсаты – ұрпақтар сабақтастығын жалғастыра отырып, жастарға рухани-адамгершілік, патриоттық тәрбие беру арқылы тарихи жадыны сақтауға ықпал ету", - деп жазылған хабарламада.
Астана қаласы бойынша өтетін уақыты:
12:00-де Хазірет Сұлтан мешіті (Тәуелсіздік даңғылы, 48)
13:00-де Киелі Успень соборы (Күйші Дина көшесі, 27)
8:00-де Мәңгілік көмек Құдай Анасының Рим-католик шіркеуі (Ж.Тәшенов көшесі, 26)
Өңірлер бойынша өтетін уақыты:
11:00-де православие шіркеулерінде
18:00-де католиктік шіркеулерде
Байланыс тел: +7 702 -777 -14 -49.
Айта кетері, Екінші дүниежүзілік соғысқа 1,5 миллион қазақстандық аттанып, оның 600 мыңнан астамы қаза тауып, 271 мың жауынгер хабар-ошарсыз кетті.
"Атамның аманаты" қоғамдық бірлестігі – Екінші дүниежүзілік соғыста із-түзсіз жоғалған қазақстандық жауынгерлердің жерленген орындарын анықтау және олардың есімдерін есте қалдыру бойынша жүйелі іздестіру жұмыстарын жүргізетін Қазақстандағы жалғыз ұйым.
Ұйым құрылған 5 жыл ішінде 4 мыңға жуық жауынгердің аты-жөні мен жерленген жерін анықтады. Барлығы 9 мыңға жуық қазақстандық өздерінің ата-бабасының тағдырын анықтау жөнінде өтініш беріп, хабарласты.