Мемлекеттік қазынаға триллион теңгеден астам корпоративтік салық түспеген

© Sputnik / Абзал КалиевТенге, монеты
Тенге, монеты - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.06.2024
Жазылу
АСТАНА, 21 маусым – Sputnik. Өткен жылы Қазақстан бюджетінің кіріс бөлігі тек 90,4%-ке ғана орындалды, мемлекеттік қазынаға триллион теңгеден астам корпоративтік салық түспеген. Бұл туралы Amanat фракциясының депутаты Елнұр Бейсенбаев айтты.
"Үкімет баланың арманымен өмір сүреді. Егер үкімет нақты жоспарлай алмаса және оның қорытындысы бойынша тұтас триллион теңге жетпесе, онда бұл бюджеттік және фискалдық саясаттың сәтсіздігі. Бір триллион ол он, тіпті жүз миллиард теңге емес", - деп ашуланды парламентші.
Ал екінші жағынан жыл қорытындысы бойынша қосымша құн салығын қайтаруда үкіметтің бизнес алдындағы борышы 1,2 миллиард доллардан асты, деп мәлімдеді мәжілісмен.
"2024 жылға Ұлттық қордан 2 триллион теңгеден астам трансферт жұмсалды. Күзде жаңа үш жылдық бюджетті бекіту кезінде үкімет жаңа триллион долларлық трансфертті тағы сұрайды деп қорқамыз", - деп қосты ол.

Жұмыспен қамту және цифрландыру

Депутат президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2029 жылға дейін 3,3 миллион жаңа жұмыс орнын құруды тапсырғанын еске салды.
Бейсенбаевтың айтуынша, мемлекеттік бюджеттің 40%-і әлеуметтік салаға кететініне қарамастан, құрылатын жаңа жұмыс орындарының шамамен 80%-і уақытша жұмыс орындары.
Ол үкіметтің цифрлық жұмыспен қамту платформаларын да сынға алды.
"Мемлекеттік жұмыспен қамту бағдарламаларына қарағанда "Яндекс" жүйесі жұмыспен қамтуда әлдеқайда тиімді. Бейресми деректерге сүйенсек бұл жүйеде 700 мыңнан астам қазақстандық жұмыс істейді, олар 2023 жылдың қорытындысы бойынша шамамен 1 триллион теңге табыс тапты", - деді депутат.

Квазимемлекеттік сектор қайтадан өсіп келеді

Парламенттегілер квазимемлекеттік сектормен болған жағдайға да наразылығын білдірді.
"Квазимемлекеттік сектор субъектілерін республикалық бюджеттен қаржыландыру көлемі жылдан жылға артып келеді. 2023 жылы ол 1,2 триллион теңге болды, бұл 2021 жылмен салыстырғанда бір жарым есе көп. Бұл ретте, президенттің экономикадағы мемлекет үлесін 14%-ке қысқарту талабына қарамастан, жыл қорытындысы бойынша бұл көрсеткіш 1 пайыздан кем төмендеді", - деді ол.
Депутат мемлекеттік қолдау шараларын көрсеткеніне қарамастан, бірқатар кәсіпорын тиімсіз болып, жабылып қалғанын айтып ашуланды.
"2023 жылы бір көзден сатып алу тәсілімен 6,6 триллион теңгеден 1,6 триллион теңге немесе жалпы көлемнің 25% сатып алды. Нарықтық экономикада біз әлі күнге дейін бәсекелес ортада емеспіз, адал бизнестің қатысуынсыз басшылар тобының шешімімен триллиондаған теңге мемлекеттік қаражатты бөлеміз", - деп халық қалаулысы наразылығын білдірді.

Үкімет есебі: бекітілген

Осыған қарамастан бірлескен отырыста парламент 2023 жылғы бюджетті бекітті:
кірістер – 19 037 979 030 мың теңге;
оның ішінде: салық түсімдері– 12 912 428 256,7 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 1 617 610 083,3 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 735 696,3 мың теңге;
трансферттер түсімдері – 4 507 204 993,7 мың теңге;
шығындар – 21 547 818 892,4 мың теңге.
Таза бюджеттік кредиттеу - 402 804 970,5 мың теңге, оның ішінде: бюджеттік кредиттер - 661 400 027 мың теңге; бюджеттік кредиттерді өтеу - 258 595 056,5 мың теңге;
Сонымен қатар парламент үкіметтің 208 205 452,6 мың теңге көлемінде қаржы активтерін сатып алуға жұмсаған шығыстарын бекітті:
Тапшылық– 3 120 850 285,5 мың теңге;
Мұнай емес бюджет тапшылығы – 8 763 995 145,4 мың теңге.
Бюджет тапшылығын қаржыландыруға үкімет 3 120 850 285,5 мың теңге бөлді.
Жаңалықтар
0