https://sputnik.kz/20240621/kun-suytqanga-deyin-barlyq-azamat-zhana-turgyn-uyge-qonystanady--bektenov-45109139.html
Күн суытқанға дейін барлық азамат жаңа тұрғын үйге қоныстанады — Бектенов
Күн суытқанға дейін барлық азамат жаңа тұрғын үйге қоныстанады — Бектенов
Sputnik Қазақстан
Бүгінгі таңда 3155 отбасы жаңа баспана алды. Түрлі өңірлерде 2049 үйдің құрылысы белсенді жүргізіліп жатыр 21.06.2024, Sputnik Қазақстан
2024-06-21T15:28+0500
2024-06-21T15:28+0500
2024-06-21T15:28+0500
су тасқыны
https://sputnik.kz/img/07e8/05/0e/44264387_0:120:1280:840_1920x0_80_0_0_4a120e377d703520a9b2d6c49192c80f.jpg
АСТАНА, 21 маусым – Sputnik. Су тасқынынан зардап шеккен барлық азамат күн суытқанға дейін жаңа тұрғын үйге қоныстанады. Бұл туралы парламент палаталарының бірлескен отырысы барысында премьер-министр Олжас Бектенов айтты, деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.Оның мәліметінше, 120 мыңнан астам адам өз үйінен эвакуацияланды. Олардың 67 570-і үйлеріне оралды. 3 952 адам эвакуациялық пункттерде қалып отыр. Барлығы 12 мың тұрғын үй және 26 мың саяжай учаскесі су астында қалды. Су астында қалып отырған үйдің саны — 98.Оның айтуынша, зардап шеккен 17 982 үй бойынша тексеру жүргізілді, 15 685 үйді бағалау аяқталды. Үйлердің жартысына жуығы жөндеу мен қалпына келтіруді қажет етеді. Осы мақсаттарға орай 5823 отбасы өтемақы алды. Оған 38,6 млрд теңге бөлінді.8 мыңнан астам үй апатты жағдайда деп танылды. Олар үшін зиянды өтеудің 2 нұсқасы бар:"Бүгінгі таңда 3155 отбасы жаңа баспана алды. Түрлі өңірлерде 2049 үйдің құрылысы белсенді жүргізіліп жатыр. Жалпы тұрғын үйді қалпына келтіруге және салуға 251 млрд теңге бағытталды", — деп атап өтті премьер-министр.Сонымен қатар инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымға, жолдар зиян келді. Атап айтқанда, 2,3 мыңнан астам энергиямен жабдықтау тірегі қирап, 54 км желі үзілді. Бүгінгі таңда 40% қалпына келтірілді, жаз айларында жұмыс белсенді жалғасатын болады.Республикалық және жергілікті жолдардың 290 учаскесінде автомобиль қатынасы үзілді. Бүгінде Атырау облысында бір учаскені қоспағанда, барлық учаске бойынша қозғалыс қалпына келтірілді. Аталған учаскедегі қозғалыс су кеткен кезде ашылады.Сонымен қатар 39 білім беру нысаны су астында қалды. Оның 18-і ағымдағы жөндеуді, 11-і күрделі жөндеуді қажет етеді, 9 білім беру нысаны одан әрі пайдалануға мүлдем жарамсыз және жаңадан салынады. Бір білім беру нысанында әлі де тексеру рәсімі жүргізіліп жатыр."Президенттің тапсырмасына сәйкес, күн суытқанға дейін барлық азамат жаңа тұрғын үйге қоныстанып, барлық инфрақұрылым нысаны қалпына келтіріледі", — деп түйіндеді Олжас Бектенов.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/05/0e/44264387_0:0:1280:960_1920x0_80_0_0_a4d9787f829c1ecac7af070a5087af1c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
су тасқыны
Күн суытқанға дейін барлық азамат жаңа тұрғын үйге қоныстанады — Бектенов
Бүгінгі таңда 3155 отбасы жаңа баспана алды. Түрлі өңірлерде 2049 үйдің құрылысы белсенді жүргізіліп жатыр
АСТАНА, 21 маусым – Sputnik. Су тасқынынан зардап шеккен барлық азамат күн суытқанға дейін жаңа тұрғын үйге қоныстанады. Бұл туралы парламент палаталарының бірлескен отырысы барысында премьер-министр Олжас Бектенов айтты, деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.
Оның мәліметінше, 120 мыңнан астам адам өз үйінен эвакуацияланды. Олардың 67 570-і үйлеріне оралды. 3 952 адам эвакуациялық пункттерде қалып отыр. Барлығы 12 мың тұрғын үй және 26 мың саяжай учаскесі су астында қалды. Су астында қалып отырған үйдің саны — 98.
"Ірі бизнес елеулі қолдау көрсетті, бюджеттік ресурстар да тартылды. Бүгінгі таңда 33 141 отбасы 100 АЕК көлемінде өтемақы алды. Осы мақсатқа бюджеттен 12 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді", — деді Олжас Бектенов.
Оның айтуынша, зардап шеккен 17 982 үй бойынша тексеру жүргізілді, 15 685 үйді бағалау аяқталды. Үйлердің жартысына жуығы жөндеу мен қалпына келтіруді қажет етеді. Осы мақсаттарға орай 5823 отбасы өтемақы алды. Оған 38,6 млрд теңге бөлінді.
8 мыңнан астам үй апатты жағдайда деп танылды. Олар үшін зиянды өтеудің 2 нұсқасы бар:
пәтерлерді немесе үйлерді қайталама нарықта сатып алу;
"Бүгінгі таңда 3155 отбасы жаңа баспана алды. Түрлі өңірлерде 2049 үйдің құрылысы белсенді жүргізіліп жатыр. Жалпы тұрғын үйді қалпына келтіруге және салуға 251 млрд теңге бағытталды", — деп атап өтті премьер-министр.
Сонымен қатар инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымға, жолдар зиян келді. Атап айтқанда, 2,3 мыңнан астам энергиямен жабдықтау тірегі қирап, 54 км желі үзілді. Бүгінгі таңда 40% қалпына келтірілді, жаз айларында жұмыс белсенді жалғасатын болады.
Республикалық және жергілікті жолдардың 290 учаскесінде автомобиль қатынасы үзілді. Бүгінде Атырау облысында бір учаскені қоспағанда, барлық учаске бойынша қозғалыс қалпына келтірілді. Аталған учаскедегі қозғалыс су кеткен кезде ашылады.
Сонымен қатар 39 білім беру нысаны су астында қалды. Оның 18-і ағымдағы жөндеуді, 11-і күрделі жөндеуді қажет етеді, 9 білім беру нысаны одан әрі пайдалануға мүлдем жарамсыз және жаңадан салынады. Бір білім беру нысанында әлі де тексеру рәсімі жүргізіліп жатыр.
"Президенттің тапсырмасына сәйкес, күн суытқанға дейін барлық азамат жаңа тұрғын үйге қоныстанып, барлық инфрақұрылым нысаны қалпына келтіріледі", — деп түйіндеді Олжас Бектенов.