Бектенов экономиканың өсіп жатқан салаларын атады

© Sputnik / Санат ИмангалиевЗаседание правительства Казахстана
Заседание правительства Казахстана - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.06.2024
Жазылу
АСТАНА, 21 маусым - Sputnik. Премьер-министр Олжас Бектенов 8 проценттік өсу қарқыны бар экономика салаларын атады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Парламент палаталарының бірлескен отырысында депутаттар үкімет басшысынан ел экономикасының өсуі жайында сұрады. Бектеновтың айтуынша, отандық экономиканың даму қарқынына күрделі геосаяси жағдай кері әсер етуі мүмкін. Қазақстанмен сауда жасайтын негізгі елдердің ішкі жағдайы да өз ықпалын тигізеді.
“Бірақ қазіргі кезде экономиканың кейбір салаларында өсу қарқыны жаман емес. Мысалы, құрылыс, көлік пен байланыс салаларында 8 процентке жуық өсім бар. Сауда саласында өсу көрсеткіштері әзірше төмен болып отыр. Оған су тасықынының салдары әсер етті деп ойлаймыз. Бірақ ол көрсеткіштер бірте-бірте қалпына келіп жатыр”,-деді Бектенов.
Осы орайда “өте жоғары өсу әлеуетіне ие салаларды” да атады. Олар: құрылыс, инфрақұрылым, өңдеу өндірісі жәре агроөнеркәсіп кешені. Сол себепті бүгінде осы салаларға ауқымды мемлекеттік қолдау көрсетіліп жатыр.
“Мәселен, тек “Бәйтерек” холдингі арқылы экономикамызға 3 триллион теңгеге жуық инвестиция құйылып жатыр. Ал “Самұрық-Қазына” қоры есебінен 700 миллиард теңге бөлінді”,-деп атап көрсетті Бектенов.
Айта кетері, Қазақстан президенті Қасым-Жомар Тоқаев жаңа үкімет басшысына экономикалық өсім бойынша нақты тапсырма берген. Елдің ішкі жалпы өнімін жыл сайын кем дегенде 6 процентке өсіру керек. Осылайша, 2029 жылға дейін экономиканың көлемі 450 млрд долларға жетуі шарт.
Жаңалықтар
0