https://sputnik.kz/20240621/astanada-shyu-ga-mushe-memleketterdin-energetika-ministrlerinin-otyrysy-bastaldy-45093477.html
Астанада ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің энергетика министрлерінің отырысы басталды
Астанада ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің энергетика министрлерінің отырысы басталды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 21 маусым – Sputnik. Астанада Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің энергетика министрлерінің төртінші отырысы басталды. Қазақстан... 21.06.2024, Sputnik Қазақстан
2024-06-21T11:45+0500
2024-06-21T11:45+0500
2024-07-02T11:01+0500
шыұ
астана
астана шыұ-2024
https://sputnik.kz/img/07e8/05/15/44445406_0:0:1280:720_1920x0_80_0_0_112ac8f36f3921e19036fd165341a35f.jpg
АСТАНА, 21 маусым – Sputnik. Астанада Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің энергетика министрлерінің төртінші отырысы басталды. Қазақстан энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев өзінің құттықтау сөзінде Иран Ислам Республикасының энергетика министрі Мехрабиан Әли Акбарды Иранның ШЫҰ-ға мүше мемлекет ретінде толық мәртебеге ие болуымен құттықтады.Осы жылдың шілде айында Қазақстан ШЫҰ органдарындағы төрағалығын аяқтап, оны әрі қарай Қытай Халық Республикасынан келген әріптестерге береді, деді министр."ШЫҰ-ның барлық елінің игілігі үшін алға қойылған мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған табысты төрағалық болатынына сенімдімін. Қазақстандық тараптың төрағалығы аясында біз 2023 жылдың қазан айында ұйымға мүше 12 мемлекеттің, бақылаушылар мен диалог бойынша серіктестердің және ШЫҰ Хатшылығының өкілдерінің қатысуымен ШЫҰ энергетикалық форумын сәтті өткіздік", - деді Сәтқалиев.Министрдің айтуынша, әлемдік жалпы ішкі өнімнің үштен біріне жуығы, Еуразия аумағының 60%-ы, ғаламшар халқының 42%-ы және әлемдік сауданың 15%-дан астамы ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің үлесіне тиесілі.Жиынға ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің тиісті ведомстволарының басшылары, бақылаушылар мен серіктестер қатысуда.
астана
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/05/15/44445406_160:0:1120:720_1920x0_80_0_0_1e817bc6f9774c1417c145179ef1b1ff.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
шыұ, астана
АСТАНА, 21 маусым – Sputnik. Астанада Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің энергетика министрлерінің төртінші отырысы басталды. Қазақстан энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев өзінің құттықтау сөзінде Иран Ислам Республикасының энергетика министрі Мехрабиан Әли Акбарды Иранның ШЫҰ-ға мүше мемлекет ретінде толық мәртебеге ие болуымен құттықтады.
"Мен сондай-ақ ұйымға кіру процесі аяқталуға жақын ШЫҰ бақылаушы елінің өкілі ретінде Беларусь Республикасының энергетика министрі Виктор Михайлович Каранкевичті және ШЫҰ диалогы бойынша әріптес ел Түркия Республикасының энергетика және табиғи ресурстар министрі Алпарслан Байрактарға қош келдіңіздер дегім келеді", - деді Сәтқалиев.
Осы жылдың шілде айында Қазақстан ШЫҰ органдарындағы төрағалығын аяқтап, оны әрі қарай Қытай Халық Республикасынан келген әріптестерге береді, деді министр.
"ШЫҰ-ның барлық елінің игілігі үшін алға қойылған мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған табысты төрағалық болатынына сенімдімін. Қазақстандық тараптың төрағалығы аясында біз 2023 жылдың қазан айында ұйымға мүше 12 мемлекеттің, бақылаушылар мен диалог бойынша серіктестердің және ШЫҰ Хатшылығының өкілдерінің қатысуымен ШЫҰ энергетикалық форумын сәтті өткіздік", - деді Сәтқалиев.
Министрдің айтуынша, әлемдік жалпы ішкі өнімнің үштен біріне жуығы, Еуразия аумағының 60%-ы, ғаламшар халқының 42%-ы және әлемдік сауданың 15%-дан астамы ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің үлесіне тиесілі.
Жиынға ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің тиісті ведомстволарының басшылары, бақылаушылар мен серіктестер қатысуда.