Астана, ШЫҰ саммиті - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.07.2024
Астана ШЫҰ-2024
ШЫҰ – 2001 жылы Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстанның мемлекет басшылары құрған халықаралық ұйым.

Астанада ШЫҰ елдерінің энергетика министрлері технология алмасу мәселесін қарады

© Photo : Пресс-служба Минэнерго Казахстана Министр энергетики Казахстана провел ряд двусторонних встреч перед саммитом ШОС
Министр энергетики Казахстана провел ряд двусторонних встреч перед саммитом ШОС - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.06.2024
Жазылу
АСТАНА, 21 маусым – Sputnik. Қазақстан Республикасының энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына (ШЫҰ) мүше мемлекеттердің энергетика министрлерінің төртінші кеңесі аясында бірқатар екі жақты кездесу өткізді.
Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев:
Ресей Федерациясының энергетика министрі Сергей Мочальниковпен,
ҚХР мемлекеттік энергетикалық басқарма басшысының орынбасары Вань Цзиньсунмен,
ШЫҰ бас хатшысышың орынбасары Сохаил Ханом,
Иран Ислам Республикасының энергетика министрі Мехрабиан Али Акбармен жеке кездесті.
"Келіссөздерде тараптар өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді, екіжақты ынтымақтастықтың перспективаларын және бірлескен жобаларды іске асырудағы өзара іс-қимылды талқылады", - деп жазылған хабарламада.
Энергетика саласын дамытудың қолайлы жағдайларын жасау және қолдау мақсатында өзара тиімді қарым-қатынастарды дамыту және нығайту мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Бұдан басқа, өзара қызығушылық тудыратын екіжақты қатынастардың кең ауқымы, оның ішінде мұнай-газ саласы мен энергетикалық инфрақұрылымды дамыту, өңірлік энергетикалық қауіпсіздікті нығайту, озық технологиялармен алмасу және инвестицияларды ұлғайту, сондай-ақ инновациялық шешімдерді енгізу және өндірістік процестерді жақсарту мәселелері қаралды.
Жаңалықтар
0