https://sputnik.kz/20240621/almatyda-uqshu-elderi-syrtqy-ister-ministrlerinin-kezdesui-bastalady-45094498.html
Алматыда ҰҚШҰ елдері сыртқы істер министрлерінің кездесуі басталады
Алматыда ҰҚШҰ елдері сыртқы істер министрлерінің кездесуі басталады
Sputnik Қазақстан
Сыртқы істер ведомстволарының басшылары Қазақстанның ҰҚШҰ-ға төрағалығы кезіндегі басымдықтарды орындау жөніндегі шараларды жүзеге асыру барысын талқылайды 21.06.2024, Sputnik Қазақстан
2024-06-21T12:59+0500
2024-06-21T12:59+0500
2024-06-21T12:59+0500
ұқшұ
https://sputnik.kz/img/07e8/06/15/45093626_0:126:1280:846_1920x0_80_0_0_b409f9ff9fb43977529de75f5fa7e547.jpg
АСТАНА, 21 маусым – Sputnik. Бүгін Алматыда Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына мүше елдер Сыртқы істер министрлері кеңесінің (ҰҚШҰ Сыртқы істер министрлері кеңесі) отырысы өтіп жатыр. Отырысқа Қазақстан премьер-министрінің орынбасары – сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу төрағалық етуде.Кездесу барысында халықаралық және өңірлік қауіпсіздіктің өзекті мәселелерін, сондай-ақ Қазақстанның ҰҚШҰ-ға төрағалығы кезіндегі басымдықтарды орындау жөніндегі шараларды іске асыру барысы талқыланады деп жоспарлануда.Отырыс қорытындысы бойынша Ұйым қызметін одан әрі жетілдіруге бағытталған құжаттарға қол қойылып, бірқатар саяси мәлімдемелер қабылданады деп күтілуде.Бұған дейін Армения сыртқы істер министрі Арарат Мирзоянның алдағы кездесуге қатыспайтыны белгілі болды.Еске салайық, маусым айының басында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ Бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетовті қабылдады. Мемлекет басшысы атап өткендей, Ұйым терроризм, есірткі және қару-жарақ айналымы, ақпарат саласындағы қылмыстар сияқты сын-қатерлерге қарсы тұруға ерекше назар аударуы керек.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/06/15/45093626_0:6:1280:966_1920x0_80_0_0_baf0ad2814fa88d96b58697134b33f03.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ұқшұ
Алматыда ҰҚШҰ елдері сыртқы істер министрлерінің кездесуі басталады
Сыртқы істер ведомстволарының басшылары Қазақстанның ҰҚШҰ-ға төрағалығы кезіндегі басымдықтарды орындау жөніндегі шараларды жүзеге асыру барысын талқылайды
АСТАНА, 21 маусым – Sputnik. Бүгін Алматыда Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына мүше елдер Сыртқы істер министрлері кеңесінің (ҰҚШҰ Сыртқы істер министрлері кеңесі) отырысы өтіп жатыр. Отырысқа Қазақстан премьер-министрінің орынбасары – сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу төрағалық етуде.
Кездесу барысында халықаралық және өңірлік қауіпсіздіктің өзекті мәселелерін, сондай-ақ Қазақстанның ҰҚШҰ-ға төрағалығы кезіндегі басымдықтарды орындау жөніндегі шараларды іске асыру барысы талқыланады деп жоспарлануда.
Отырыс қорытындысы бойынша Ұйым қызметін одан әрі жетілдіруге бағытталған құжаттарға қол қойылып, бірқатар саяси мәлімдемелер қабылданады деп күтілуде.
Бұған дейін Армения сыртқы істер министрі Арарат Мирзоянның алдағы кездесуге қатыспайтыны белгілі болды.
Еске салайық, маусым айының басында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ Бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетовті қабылдады. Мемлекет басшысы атап өткендей, Ұйым терроризм, есірткі және қару-жарақ айналымы, ақпарат саласындағы қылмыстар сияқты сын-қатерлерге қарсы тұруға ерекше назар аударуы керек.