Шығыс Қазақстанда алимент төлемей жүрген 75 лудоман құмар ойынға өз еркімен шектеу қойды

© Sputnik / Виталий Аньков / Медиабанкке өтуРулетка в казино
Рулетка в казино - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.06.2024
Жазылу
Өскеменде алимент бойынша 1,5 млн теңге қарызы бар борышкер онлайн букмекерлік кеңседе 7 млн теңгені құмар ойнына тігіп, ұтылған
АСТАНА, 20 маусым – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысында алимент бойынша 98 бала алдында жалпы 84 млн теңге қарызы бар 75 азамат соңғы 3 жылда букмекерлік кеңсеге 100 млн теңгеден астам қаражат жұмсаған, деп хабарлады аймақтағы оюлыстық прокуратураның баспасөз қызметі.
Мысалы, Өскеменде алимент бойынша өз балаларының алдында 1,5 млн теңге қарызы бар борышкер онлайн букмекерлік кеңседе 7 млн теңгені құмар ойнына тігіп, ұтылған.
Талдау нәтижелері бойынша мұндай азаматтармен түсіндіру жұмыстары жүргізілген соң, борышкерлер өз бетінше (E-Gov мобильді қосымшасы арқылы) құмар ойындарға қатысуға шектеу енгізді.
Сонымен қатар, борышкерлердің құмар ойындарға қатысуының жолын кесу бойынша одан әрі жұмыс жүргізу үшін туризм және спорт министрлігінің туризм индустриясы комитетіне елімізде жұмыс істейтін букмекерлік кеңселерді анықтау туралы хат жолданды.
Құмар ойынға бәс тігетін тұлғалар, яғни лудомандар туралы деректер де алимент төлеуден жалтарудың дәлелі болады.
Бүгінгі таңда алимент төлемеу бойынша қылмыстық істерді тоқтату туралы 2 шешімнің күші жойылып, қосымша тергеуге жіберілді.
Жаңалықтар
0