Елорда тынысы

Елорда әуежайы түнде жұмыс істемейді

© SputnikАрхивное фото аэропорта Астаны
Архивное фото аэропорта Астаны - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.06.2024
Жазылу
Бұл туралы Астана әуе айлағының баспасөз қызметі хабарлады
АСТАНА, 20 маусым– Sputnik. Астана әуе айлағы сағат 22.00-ден 6.00-ге дейін уақытша жабылады.
Бұл туралы Sputnik Қазақстан тілшісіне әуежайдың баспасөз қызметі растады.

"Жөндеу жұмыстарына байланысты әуе айлағы сағат 22.00-ден –6.00-ге дейін әуе кемелерін қабылдау және жөнелту үшін уақытша жабылады", - деп хабарлады әуежайдағылар.

Бұған дейін әуежай маусымдық сұраныстың жоғары болуына байланысты жазда түнгі рейстерді қайта қабылдай бастағанын хабарлаған еді.
Жаңалықтар
0