https://sputnik.kz/20240620/eaeo-gylymi-ataqtardy-ozara-tanu-turaly-khalyqaralyq-kelisim-azirledi-45063978.html
ЕАЭО ғылыми атақтарды өзара тану туралы халықаралық келісім әзірледі
ЕАЭО ғылыми атақтарды өзара тану туралы халықаралық келісім әзірледі
Sputnik Қазақстан
Қазақстанның ғылыми атақтары төрт елде танылуы мүмкін 20.06.2024, Sputnik Қазақстан
2024-06-20T10:16+0500
2024-06-20T10:16+0500
2024-06-20T10:16+0500
еаэо
https://sputnik.kz/img/07e8/02/08/42163036_0:79:1500:923_1920x0_80_0_0_b8692e439ff92afbdee7d387d40da5b8.jpg
АСТАНА, 20 маусым – Sputnik. Еуразиялық экономикалық одақта ғылыми атақтарды өзара тану туралы халықаралық келісім әзірленді, деп хабарлайды Қазақстанның сауда және интеграция министрлігі.Қазіргі кезде сарапшылар Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің азаматтарын жұмысқа орналастыру рәсімдерін оңайлату шеңберінде ғылыми атақтар туралы құжаттарды өзара тану туралы халықаралық шарттың жобасы талқылауға кірісті. Бұл шаралар ортақ еңбек нарығын дамыту аясында қолға алынып отыр.ЕАЭО елдері ғылыми-педагогикалық қызмет өтілі және ғылыми атақтарды өзара тануға қажетті басқа да өлшемшарттарды келісіп алады. Ал уәкілетті ұйымдар ғылыми атақтар туралы құжаттарды тану мәселелері бойынша өзара ақпарат алмасып отырады деген жоспар бар. Барлық ақпарат, соның ішінде нормативтік-құқықтық актілер, ғылыми атақтардың тізбесі мен үлгілері, белгіленген ғылыми аттестациялар туралы мәліметтер сол ұйымдардың сайттарында жарияланады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/02/08/42163036_83:0:1418:1001_1920x0_80_0_0_e1e3fe0556189cefc45e45be235d84b8.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
еаэо
ЕАЭО ғылыми атақтарды өзара тану туралы халықаралық келісім әзірледі
Қазақстанның ғылыми атақтары төрт елде танылуы мүмкін
АСТАНА, 20 маусым – Sputnik. Еуразиялық экономикалық одақта ғылыми атақтарды өзара тану туралы халықаралық келісім әзірленді, деп хабарлайды Қазақстанның сауда және интеграция министрлігі.
Қазіргі кезде сарапшылар Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің азаматтарын жұмысқа орналастыру рәсімдерін оңайлату шеңберінде ғылыми атақтар туралы құжаттарды өзара тану туралы халықаралық шарттың жобасы талқылауға кірісті. Бұл шаралар ортақ еңбек нарығын дамыту аясында қолға алынып отыр.
"Бүгінгі таңда профессор, қауымдастырылған профессор (доцент) және аға ғылыми қызметкер ғылыми атақтары бар ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің азаматтары жұмысқа орналасу мемлекетінің заңнамасы бойынша тану рәсімдерінен өтуге мәжбүр. Әзірленіп жатқан халықаралық шарт ғылыми атақ иелерін тиісті рәсімдерден өту қажеттілігінен босатуға мүмкіндік береді", - дейді министрлік мамандары.
ЕАЭО елдері ғылыми-педагогикалық қызмет өтілі және ғылыми атақтарды өзара тануға қажетті басқа да өлшемшарттарды келісіп алады. Ал уәкілетті ұйымдар ғылыми атақтар туралы құжаттарды тану мәселелері бойынша өзара ақпарат алмасып отырады деген жоспар бар. Барлық ақпарат, соның ішінде нормативтік-құқықтық актілер, ғылыми атақтардың тізбесі мен үлгілері, белгіленген ғылыми аттестациялар туралы мәліметтер сол ұйымдардың сайттарында жарияланады.