Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтеді – Қошанов өкімге қол қойды

© Sputnik / Болат ШайхиновҚазақстан парламентінің ғимараты
Қазақстан парламентінің ғимараты - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.06.2024
Жазылу
АСТАНА, 19 маусым – Sputnik. Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов парламент палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы өкімге қол қойды.
Мәжілістің баспасөз қызметінің мәліметінше бірлескен отырыс жұма күні өтеді.
"Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы парламенті палаталарының бірлескен отырысы 2024 жылғы 21 маусымда сағат 10.00-де Астана қаласында шақырылсын", - деп жазылған өкім мәтінінде.
Заседание мажилиса - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.06.2024
Парламент сот жүйесіне қатысты конституциялық заңды бірінші оқылымда мақұлдады
Жаңалықтар
0